Философиялық антропология (Н.А. Бердяев, А. Гелен, М. Шелер, Х . Плеснер, Э. Ротхакер, М. Ландманн, Л. Лотц және т.б.). Философиялық антропология – адамның мәні, оның өзіне, басқаға, табиғатқа, өзінің шығуы, қоғамдық болмысының ерекшелігі туралы философиялық пән. Философиялық антропологияның негізін салушы ойшылдар адам өзіне өзі мәселе ретінде туындағанын ескеріп отырды. Философиялық антропологияға қызығушылық танытқан педагогикада XX ғаысырдың 60-70 жылдары педагогикалық білімнің саласы ретінде педагогикалық антропологияны өмірге әкелді. Бұл бағыт білім беруді антропология тұрғысынан негіздеді. Педагогикалық антропология өз назарын білім алушы және тәрбиеленуші адамға аударды, өзінің ғылыми және қолданбалы бағыттарын нығайтты. Сондықтан кеңестік педагогикалық антропология қалыптаса бастады.
Қазіргі өзгермелі жағдайда педагогика ғылымы өте күрделі әлеуметтік институт, өзін өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейінде, ғылыми әрекет нәтижелері білім берудің дамуының іргетасы болып табылатын жүйеге айналуда. Сонымен қатар, білім беру әрекетінің мәселелері, оның көзге ұрып тұрған кемшіліктері, адамзаттың болашаққа артатын мүдделері педагогиканың өзіне ғылым ретінде нақты қарым-қатынас орнатуын талап етеді. Педагогикалық өлшемдердің ғылым және білім беру саласында сипатталған философиялық бағдарлардың әлеуетін ескергені жөн. Педагогика өз негіздерін түсіністікпен жүйелеп, ерекше назар аударуда. Сондықтан да педагогика әдіснамасын мазмұндаудың алдында педагогиканың даму үдерісін ғылым философиясы тұрғысынан пайымдап тұжырымдау қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігін қалай түсіндіресіз?
Қазақстандық философ Ж.М. Әбділдиннің диалектикалық логика мектебіне сипаатама беріңіз.
«Неге философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді?» деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогиканың философиялық бағдары болып табылатын герменевтиканың педагогикаға қажеттілігін дәлелдеңіз.
Философия мен педагогиканың арақатынасын түсінудегі бағыттарды сипаттаңыз.
Философиялық тұғырларды педагогикалық болмысты зерттеу пәніне көшірудің қисынын түсіндіріңіз.
Негізгі әдебиет
1. О науке: Закон Республики Казахстан . Алматы: ЮРИСТ, 2011. – 20 с.
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2011.
2. Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 340 бет.
3. Философия и методология педагогики: научные школы стран СНГ и Республики Казахстан: хрестоматия. Под ред. д.филос.н., профессора А.Р. Масалимовой. - Алматы: Қазақ университеті, 2017 .- 402 с.
4. Методология педагогики: монография/ Е.А. Александрова, Р.М. Асадулин, Е.В.Бережноваи др.; под общ.ред. В.Г. Рындак. – М.: ИНФРА-М, 2018 – 296 с.
5. Бордовская Н.В. Диалектика педагогического исследования: монография/Н.В. Бордовская. – Москва: КНОРУС, 2018.- 512 с.
6. Мардахаев Л.В. Магистерская диссертация: подготовка и защита: учебно-методическое пособие.- М.: Квант Медиа, 2018. – 106 с.
7. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике: монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 423 с.
8. Мәдени-философиялық сөздік/Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева және т.б.- Алматы: Раритет, 2004. 320 бет.
9. Лукацкий М.А. Методологические ориентиры педагогической науки: учебное пособие. Тула: Гриф и К, 2011. 448 с.
4-дәріс. Тақырыбы: Педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымы және оның даму көздері. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі қалыптасу тарихы. (дәріс-әңгіме)
Достарыңызбен бөлісу: |