«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогика ғылымының ұғымдық-категориялық аппараты



бет32/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

2. Педагогика ғылымының ұғымдық-категориялық аппараты.


Педагогика ғылымының ғылыми білімдер жүйесіндегі орны. Педагогика ғылымы да кез келген басқа ғылыми пән сияқты өзі зерделейтін шынайы болмыстағы құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және алдын ала болжай білу тәрізді өзара байланысты қызметтерін атқарады. Педагогика туралы шын мәніндегі пайымдау педагогиканы іргелі және қолданбалы (ғылыми-теориялық және құрастырушылық-техникалық) қызметтер атқаратын жеке ғылыми пән деп анықтайды.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Бұл байланыс төрт түрге бөлінеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы басқа ғылымдардың (философия, социология, психология және т.б.) тұжырымдарын жинақтайтын негізгі идеяларды, теориялық қағидаларды пайдалану болып табылады. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі – педагогика басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдаланады. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының тағы бір түрі – кейбір ғылымдардың (физиология, медицина, психология және т. б.) мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін пайдалану әрекеті. Педагогиканың басқа ғылымдармен өзара әрекеттесуінің төртінші түрі – кешенді зерттеулер. Кешенділік - қазіргі ғылымның объективті қасиеті. Педагогика білім беру туралы бірден-бір арнайы ғылым болып қалады.
Педагогиканың ұғымдық аппараты. Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық, яғни ерекеше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы - жалпы ғылымилық ұғымдар қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады.


3. Негізгі педагогикалық ұғымдар.


Педагогиканың өз ұғымдары. Оларға жататындар: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық әрекет», «педагогикалық болмыс», «педагогикалық өзара әрекеттестік», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «оқыту мен білім алу», «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдаяты», «оқыту әдісі», «оқыту тәсілі», «мұғалім», «оқушы», «сабақ» және басқалар. Бұл ұғымдар өзара байланысты, өздері көрініс табатын болмыстың құбылыстары сияқты олар өзгермелі және икемді. Ғылыми және практикалық жұмыс барысында олардың мазмұны қайта ойластырылады, байиды. Білім берудің анықтамасын басшылыққа ала отырып, білім беру үдерісін құрайтын екі негізгі құрамдас бөлік – тәрбие мен оқыту туралы түсініктер нақтыланады. Педагогиканың объектісінің педагогиканы оқыту мен тәрбиені біріктіретін тұтастық деп қарастыратын анықтамасы негізге алынады. Екеуінің де жалпы мақсаты - адамдарды қоғам өміріне баулу, адамды мақсатты-бағытты әлеуметтендіру.
Педагогикада «білім беру» ұғымы мәні жағынан тәрбиеге өте жақын. Білім беру қоғамдық құбылысты, әрі педагогикалық үдерісті білдіреді. Ол педагогиканың объектісін жалпы әлеуметтік нысанға ендіреді, сондықтан педагогика ғылымының объектісі – білім беру деуге болады. Педагогика – бұл білім беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден–бір ғылыми пән.
Педагогика ғылымы зерделейтін жоғарыда келтірілген әрекеттің ерекше түрін бейнелеуге өз мағынасы жағынан ең жақын тұрған түсінік – «әлеуметтендіру».
Әлеуметтендіру деп өскелең адамның тұлға ретінде тарихи жинақталған мәдениетті, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі және жасауы арқасында өскелең адамның қоғамға ену үрдісі түсініледі. Педагогикаға қатысты бұл әрекетті тұлғаның мақсатты бағытталған әлеуметтенуі деп белгілеуге болады. Өйткені кез келген педагогикалық әрекет белгілі бір мақсатпен жасалады және қоғамға жеке тұлғаның енуі педагогтың басшылығымен, тәрбиеленушінің педагогпен өзара әрекеттесу үрдісінде жүзеге асырылады.
Бұл жерде әрине, әлеуметтенуді тек қоғамның өзгермеген және өзгерілмейтін түрінде, оған жеке тұлғаның бейімделуі емес, ұйымдастырылған әлеуметтендіру туралы айтылған. Демек, мектеп бітіруші қоғамда өзінің қызметін тек жақсы орындаушы ғана емес, сондай-ақ, өз бетінше әрекеттене алатын болуы керектігі туралы айтылып отыр. Ол қазіргі өмірге тек қана бейімделіп қана қоймай, И.В. Сталиннің атақты сөзіндегідей, мемлекеттік машинаның «бұрандасы» ғана болып қоймай, орнатылған тәртіпке, оны қайта құруға дейін өзіндік үлес қосатын мүмкіндік алуы керек.
Бірақ «әлеуметтендіру» терминінің мағынасы педагогикалық түсініктер шеңберінен шыгып кетеді. Бір жағынан, ол кеңірек философиялық және әлеуметтанулық ғылымдар нысанасына жатады да педагогикалық болмыстың нақты сипаттамасынан алыстап, абстракцияға айналады. Екінші жағынан, ол адамның қоғамға енуіне, жекеленуіне қажет болатын, яғни тұлғаның қалыптасуының мәнді жағын, педагог үшін аса маңызды жәйтті көлеңкеде қалдырады. Тек жеке тұлға ғана өмір мен шығармашылыққа өзіндік қатынас жасай алуға қабілетті.
Біз қарастырып отырған тұрғыда «білім беру» түсінігі тәрбиеге өте жақын. Білім беру әрі қоғамдық құбылысты, әрі педагогикалық үрдісті білдіреді. Ол педагогиканың объектісін жалпы әлеуметтік нысанаға ендіріп қоймай, сондай-ақ нақты түсініктер арқылы оның мәнін ашуға мүмкіндік тудырады. Мысалы, Ресей Федерациясының Білім беру туралы заңында: білім беру – адам, қоғам және мемлекет мүдделері тұрғысындағы тәрбие мен оқытудың мақсатты бағытталған үрдісі. Бұл жерде білім беру кең педагогикалық мағынадағы тәрбие сияқты көрсетілген. Мұндай мазмұнды таңдаудың жағымды жағы белгілі бір дәрежеде көп мағыналылық жойылады. Сондай-ақ, бірінші немесе екінші мағынадағы білім беру деп айту қажетсіз болғанмен, бұл түсініктің мазмұны заңдағы көрсетілген шектеулерден шыға алады.
«Білім беру» терминінің пайдасына тағы бір дәлел бар. «Тәрбие» сөзін кең педагогикалық мағынада қолданушы педагогтарда (яғни, «Білім берудің» Білім беру заңында қолданылғаны сияқты), шетелдік әріптестермен сөйлескенде, әсіресе әңгіме ағылшын тілінде жүргізілсе, қиындықтар тууы мүмкін. Ал осы ағылшын тілі қазір халықаралық ғылыми қарым-қатынас тілі болып отыр. «Тәрбие» сөзін жоғарыда айтылған ескертпелерді сақтай отырып, ағылшын тіліне аудару мүмкін емес. Оның мәнін тәрбиенің мағынасына жуықтатып бірнеше сөзбен беруге болады, бұл ретте education – «білім беру»; attitude education, valve education, яғни қарым-қатынастардың құрылуы (қалыптасуы) және «құндылық» білім беру, яғни оқушыларда құндылық қатынастардың қалыптасуы. Тағы to bring up етістігі бар, бірақ ол тек «тәрбиелеуді» емес, «өсіру» (растить), «баптап өсіру» (выращивать) деген сөздерді білдіреді.
Сонымен, жалпы қабылданған соңғы шешім бүгінгі күні жоқ. Осы көзқарасты қолдаушылар өз дәлелдерін келтіреді, олардың ойынша, білім беру педагогикалық әрекетті кеңірек көрсететін түсінік болып есептеледі. Демек, біздің ғылымның объектісі «тәрбие» болуы тиіс. Олар негізінен дәстүрлерге сілтеме жасайды. Шындығында, егер бұрынғыша білім беруді жеке тұлғаның тек интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру деп қарастырсақ, онда білім берудің мазмұнына адамда сезімдік-құндылық қатынастар мен оларға сәйкес мінез-құлық, тәртіп қалыптасуы кірмей қалады да, мұны білім беруден тыс іздестіруге тура келеді. Терминді ауыстыру оның құқығын шектеп, қызметін руханилықтан, адами сезімнен айырып, оқу пәніне «зорлап үйретуге» , интеллектуалдыққа, демек, ғылым негіздеріне үйретуге ғана әкелуі мүмкін. Бірақ бірінші білім беру, сондай-ақ оның құрамындағы оқыту тек адамға пайдалы жағын ғана ойластырып қоймай, адами сезімдерді, бүкіл үйлесімділікті дамытуды қарастырады. Бұл жайлы оқулықтың келесі бөлімдерінде айтылған. Мүмкін дәстүрге қайта оралуға «коммунистік тәрбие» сияқты кейбір орын алған сөз тіркестеріне үйренген әдет әсер еткен болар. Қай жағынан алсақ та, таңдау әр педагогтың өз қалауында. Бұл – оның біліктілігінің, өмірлік тәжірибесінің, ғылыми талдауға бейімділігінің көрінісі, ісі.
Біздің көзқарасымызша, егер осы айтылғандарға көңіл қойсақ, онда біз педагогика ғылымының объектісі – білім беру десек, қате болмайды. Шын мәнінде, білім беруді, сондай-ақ басқа ғылымдар да зерттейді. Педагогикалық психология, білім беру философиясы, білім беру социологиясы бар. Бірақ педагогика – бұл білімдік әрекеттің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы, бірден бір ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден бір ғылыми пән.
Тағы қайталап айтсақ, ең бастысы – тек сөз емес, сол сөздің артында не тұрғаны. Шындығында педагогикалық мақсат қоя білушілік пен педагогикалық басқарумен сипатталатын әрекеттің ерекше түрі зерделеніп отыр. Бұл, әрине, сөздер яғни ұғымдар, түсініктер – онша мәнді емес дегенді білдірмейді. Керісінше, біздің мына немесе басқа түсінікке берген мағынамызға, ол түсінік басқа ғылым үшін қандай мәні бар, осыған көптеген мәселе байланысты. Нәтижесінде, бұл бүкіл ғылыми жұмыстың тиімділігіне әсер етеді. Біз тек сөздің мағынасын көре білудің маңыздылығын баса көрсеткіміз келеді.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге үйрету және тұлғаның мынадай қасиеттерін тәрбиелеу (ізгілік, адамгершілік, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа қабілеті). Егер осы іске кең мағынада қарасақ, бұл – адамзат қоғамының мәңгі өмір сүретін қызметін орындау әрекеті: жаңа ұрпақтарға жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу, беру, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды.
Осы негізде педагогиканы қоғамдық өмірге баулу мақсатындағы ерекше, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыстылық, педагогикалық мақсаттылық және педагогикалық басшылықпен сипатталатын әрекетті зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағынышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикадағы оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі және білім алудың субъектісі болып табылады.
Енді осы әрекетті қалай атауға болатынын ойластыруга болады. Дәстүр бойынша оны тәрбие терминімен белгілеуге болар еді. Терминнің бір мағыналы болмауы қиындықтар тудыруда. Кем дегенде оның төрт мағынасы ажыратылып көрсетіледі: (Қараңыз: Педагогика/Под ред. Ю.К.Бабанского.-М., 1983. С.7-8.). Тәрбиенің түсінілуі: кең әлеуметтік мағынада – тәрбиені адамға бүкіл қоршаған болмыстың әсері деп атайды; кең педагогикалық мағынада – бүкіл оқу-тәрбие үрдісін қамтитын мақсатты бағытталған әрекетті тәрбие деп қарастырады; тар педагогикалық мағынада – тәрбие дегеніміз – арнайы тәрбие жұмысы; бұдан да тар мағынада – тәрбие белгілі бір міндетпен, мысалы адамгершілік қасиеттердің (адамгершілік тәрбиесі), эстетикалық түсініктер мен талғамдардың (эстетикалық тәрбие) қалыптасуымен байланысты қарастырылады. Бұл ретте тәрбие термині тәрбиелік күш-жігерді белгілі бір аймақтың бөлігіне қолдану деп түсініледі.
Мұндай түрлі анықтамалардың болуы түсініспеушілік әкелуі мүмкін. Барлық уақытта тәрбиенің қай мағынада айтылып тұрғанын нақтылауға тура келеді. Мысалы, екінші (кең педагогикалық) мағынадағы тәрбиеге үшінші (тар) мәніндегі оқыту мен тәрбие енеді.
Басқа қиындық «тәрбие» сөзіне синонимдердің көптігіне келіп тіреледі, әрбір синоним ғылымның объектісі ретінде танылуға құқы бар: оқу-тәрбие үрдісі, практикалық педагогикалық әрекет, педагогикалық шындық болмыс, әлеуметтендіру, білім беру. Бұл түсініктердің әрқайсысы белгілі басқа түсініктермен тікелей байланысты педагогиканың объектісін белгілі мағынада көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет