«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-дәріс. Тақырыбы: Педагогика саласындағы әдіснамалық білім: белгілері, даму деңгейлері, пайда болу көздері (проблемалық лекция)



бет88/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

10-дәріс. Тақырыбы: Педагогика саласындағы әдіснамалық білім: белгілері, даму деңгейлері, пайда болу көздері (проблемалық лекция)
Дәрістің мақсаты: Докторанттардың педагогика саласындағы әдіснамалық білімін меңгерту.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің белгілері.
2. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің даму деңгейлері.
3. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің пайда болу көздері.


1. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің белгілері.

Әдіснамалық білімнің құрамына қарай құрамына деректер, болжамдар, идеялар, заңдар, ұстанымдары кіреді, сонымен қатар ғылыми ойлар, әдістер, теориялар әдіснамаға дәйектер болып қызмет етеді. Әдіснамалық білімнің ерекшелігі – оның ғылыми және ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеттің ұстанымдары мен әдістеріне бағытталғандығында. Әдіснамалық білімнің зерттеу нысаны басқа, ол - педагогика ғылымының өзі, пәні - педагогикалық зерттеудің мәселесі, құрылымы, әдістері, педагогикалық теорияның дамуының және оның жетістіктерін тәжірибеге ендірудің ұстанымдары мен тәсілдері. Сол себептен, әдіснамалық білім құрылымында анықталған қағидалар заңдар мен заңдылықтар, жалпы зерттеу тұғырлары іс-әрекет ұғымдарында (тәсілдер, әдістер, рәсімдер т. б.) іске асырылатын қағидалар мен талаптар маңызды мағынаға ие болады.


Қағидалар мен талап тар арасындағы айырмашылықты мынадан байқауға болады: ұстанымның терең және толық ғылыми негіздемесін (объективті заңдылықтарын) есепке алу (жетістіктер жолдарының әлеуметтік еспке алынуын көрсетілуі) және оның жалпылама түрде болуы. Талаптар педагогикалық зерттеуге қатысты болады және оның негіздемесі немесе басқа ұстанымның (ұстанымдар қатарының) логикалық деңгейде қолданылуымен шектеледі. Әдетте, нақты талаптар ұстанымдардан өрбиді, ал оларды қолдану педагогикалық жағдаяттың ерекшеліктерімен анықталады.
Педагогика әдіснамасының мазмұнына кіретін ұғымдардың бірінші тобын әдіснамалық талдау нысандарының табиғатын және олардың ерекшеліктерін ашу деңгейінің белгісі бойынша іріктелген ұғымдар құрайды. Бұл топқа белгілі бір мағынада педагогикада қолданылатын нақтылы ғылымдар атап айтқанда, «жалпы ғылыми әдіснама», «ғылым әдіснамасы», «педагогика ғылымы әдіснамасы», «ғылыми зерттеу әдіснамасы» сияқты ұғымдар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет