«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен “білім беру үрдісі” түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үрдіс - жүйенің күй жайының ауысуы



бет35/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен “білім беру үрдісі” түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үрдіс - жүйенің күй жайының ауысуы, демек, білім беру үрдісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй - жайының ауысуы. Сондықтан педагогикалық (білімдік) әрекет және педагогикалық үрдіс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үрдіс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, біз педагогикалық әрекеттің бөліктерін алаңсыз талдай аламыз. Енді бір маңызды ұғым “педагогикалық өзара әрекеттестік”, практикалық педагогикалық әрекеттің мәнді белгісі – екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен байланыстының бәрін сипаттайды. Судың кез келген молекуласындағыдай екі заттың, сутегі мен оттегінің атомдары бар болатыны сияқты, педагогикалық әрекеттің кез келген элементінде, оның “молекуласында” екі жақ: мұғалім мен оқушы, тәрбиеші мен тәрбиеленуші қатысады. Егер осы екеуінің біреуін педагогикалық үрдістен алып тастаса, үрдістің өзі ыдырайды, педагогикалық әрекет тоқтатылады.
Бірақ оқушы немесе тәрбиеленуші педагогикалық үрдіске жай ғана қатыспайды. Бұл – тірі адам және ол мұғалім сияқты қатысатын кейіпкер болып табылады. Егер дәлірек айтсақ, өзара әрекеттесушілік, себебі ол педагог әсеріне белсенді түрде жауап береді, ал мұғалім болса оқушының жауабын есепке ала отырып, одан әрі қарай жасалатын жұмысты құрады. Кейде бейнелеп айтқанда (әрине, белгілі деңгейде асыра сипаттап), ештеңеге үйрету мүмкін емес, әркім өзі ғана үйренуі керек дейді. Осы айтылғанмен білім беру үрдісіне қатысушы екінші жақтың, яғни оқушының қатысуының белсенді сипаты мен бұл үрдістегі қатар әрекеттер емес, оның қатысушыларының өзара әрекеттесуі сөз болып отыр.
Ең соңында педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады: психология (“қабылдау”, “меңгеру”, “ақыл-ойдың дамуы”, “еске сақтау”, “іскерліктер”, “дағдылар”), кибернитика (“кері байланыс”, “динамикалық жүйе”).
Математика, физика немесе логика сияқты ғылымдардан өзгеше педагогика негізінен жалпы қолданыстағы сөздерді пайдаланады. Бірақ сөздер ғылыми айналымға түскен соң, табиғи тіл сөздері ғылыми терминнің өзіндік қасиетіне – осы саланың ғалымдары бірдей ұғынатын бір мағыналық қасиет алады. Сөз ғылыми терминге айналғанға, ол үлкен ғылыми еңбектің көрінісі болып табылады. Сондықтан кейде “ғылыми сияқтыны” енгізгенде болатын қарсылықты ғылыми терминологиядан бас тарту деп түсінуге болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет