«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет10/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Дәрістің негізгі терминдері: ғылым философиясы, ғылым әдіснамасы. ғылыми революция, парадигма, өркениет, ғылымның даму кезеңдері, әдіснама типтері, ғылым тұжырымдамасы.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Ғылымның философиясы мен әдіснамасы.
2. Ғылыми революция мен парадигма туралы ұғымдар.
3. Ғылымның даму кезеңдері және әдіснама типтері.
4. Ғылым тұжырымдамалары және олардың педагогикадағы көрінісі.


1. Ғылымның философиясы мен әдіснамасы.

XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырады. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісі, ғылыми білімді қалыптастыру жолдары мен осы үрдіске мәдени әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің “Ғылым мен техника философиясы” атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орны, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың келу кезендерін сипаттайды.


Философия ғылымы ғылыми әдіснамамен толығып отырады. Мәселен, философ В.Г. Черников “диалектикалык әдіснама” ұғымын енгізеді. Диалектикалық әдіснама (қыскаша, диалектика) күрделі кешенді білім беру:
1) дамудың жеке өз алдына табиғатпен, адаммен өзара бірлікте дамудың объективті шындык бейнесін керсетеді;
2) адамның ойлау және тану субъективті шындығының философиялық бөлімі ретінде көрсетіледі;
3) адам мен табиғаттың, адам мен коғамның объективті-субъективті, материалды-рухани, практикалык өзара қарым-қатынасының ақиқатын бейнелейді.
В.П. Кохановский әдіс пен әдіснаманың өзара байланысын қарастырып, әдістердің классификациясын береді. Автор әдіснамалық білімнің көпдеңгейлік концепциясын ұсынады: философиялық әдістер, жалпығылыми бағыттар мен әдістер, жалпығылыми әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Терминдердің этимологиялық мағынасына сәйкес әдіснаманы әдіс жайындағы ілім, кеңінен ашқанда, теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, реттесу, құру бойынша принциптер жүйесі жайындағы ілім деп қарастыруға болады.
Қоғамдық практиканың кеңеюі мен баюы таным әдістерін қайта қарастыруды, жетілдіруді талап етеді. Ғылыми танымның дамуы барысында ойлау әдіс-тәсілдері жетіліп, әдіснаманың қайта құрылуына әкелінеді. Сондықтан әдіснама философия білімінің жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Бұл бір жағынан, ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттермен, сондай-ақ ғылымға казіргі кезеңде белгілі білім мен әдістер көмегімен шешуге болмайтындығымен, ал екінші жағынан - ғылымның артқан эвристикалык әлеуеті бойынша түсіндіріледі. Қазіргі кезеңде әлемдегі болып жаткан құбылыстарды және пәнді тану сол үрдістің «өзіндік танымымен», оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылыктарымен анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру саласындағы ғалым-теоретиктер мен ғалым-практиктердің барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеугеғ ғылымның әрі әдіснамалық таным, әрі жеке ғалымдардың әдіснамалық проблемеларымен бірлікте қарастыруын қажет етеді.
Бүгінгі ғылым философиясы жалпы ғылымның тарихи-мәдени мәніне, оның мәдени мақсаттарына баса назар аударуда. Бұл тұрғыдан ғылым философиясы ғылыми танымның тарихи мүмкіндіктерін бағалауға ұмтылыс жасады деуге болады. Ғылым философиясы дегеніміз - ғылымды адами әрекеттің ерекше өрісі және дамушы білімдер жүйесі деп зерделейтін философияның саласы. Осыған орай, жалпы философиялық-әдіснамалық ұстанымдарға сәйкес, педагогикалық зерттеу әдіснамасы, тұтас алғанда, педагогиканың өмірлік–тәжірибелік бағыттылығымен байланысты мәселені басшылыққа алады.
Қазіргі педагогика әдіснамасы педагогикалық зерттеуде басқа ғылымдардың ұғымдарын педагогикалық мақсатқа сай пайдаланудың әдіснамалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Әдіснамашы-ғалым В.В. Краевский педагогиканы философиядағы, логикадағы, психологиядағы білімдермен байыту жолдары туралы өз ойын бірнеше рет айтқан болатын. В.В. Краевский ғылыми-әдіснамалық семинарларды үлкен дәрісханаларда өткізіп жүрді, педагогиканың әдіснамалық негіздерін сақтап қалу үшін орасан еңбектенді. Педагогика бұл тұста білім беру туралы ғылым ретінде негізделді. Осы уақытта философиялық білімнің жаңа саласы - білім беру философиясы тез қарқынмен дамыды. Енді «білім беру философиясы» және «педагогиканың философиясы» не екенін ажыратып алу керек болды. Бәрімізге белгілі ғылым философиясы және ғылымдар философиясы (тарих, физика, математика, жаратылыстану және т.б.) бар да, оның ішінде, педагогиканың философиясы тіпті аталмаған. Сондықтан, педагогиканың философиясының зерделеу пәні не екенін нақтылау маңызды болды.
Педагогиканың философиясы жайлы айта отырып, мына сұрақтарды қарастырған жөн. Олар: білім беру философиясы мен педагогиканың философиясы; айырмашылығы неде? Философия және педагогика: педагогикалық үдеріс пен педагогикалық әрекетті ойластырудағы ғылыми ұтымдылық; жеке, ерекше, жалпы; мән мен құбылыс; педагог ойлауының гуманитарлық сипаты; педагогикадағы және білім берудегі философиялық тұғырлар (аксиологиялық, мәдениеттанымдық, герменевтикалық және т.б.) мәні; білім берудегі кіріктіру мен саралаудың философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері, іргетасы; білім беру мазмұны теориялары және мемлекеттік білім беру құндылықтарын анықтау. Білім берудегі мәдени-антропологиялық ұстанымдар (тарихилық, таңдап алғыштық және т.б.) және құндылықтар жүйесі; философиялық-педагогикалық шешім; мәдени- әлеуметтік тұғыр аясында білім беру мазмұнының гуманитарлық-әдіснамалық сипаттамалары және оларды білім беру мазмұнын құрастыруда пайдалану; дидактиканы дамытудың философиялық-әдіснамалық негіздері; педагогикалық білімнің байытылу және даму жолдары; білім беруді стандарттау үшін қажет философиялық-логикалық білімнің рөлі; дидактиканың философиясы және дидактика философия ретінде (И.Я. Лернер); оқытудағы әлеуметтік, білім берушілік және тұлғалық құрылымдар; өзін-өзі тану - білім беруді жаңартудың негізгі гуманитарлық факторы; өзін-өзі танудың философиялық мәселелері (сұрақтары); өзін-өзі танудың психологиялық мағынасы; білім беру мазмұны тұрғысынан өзін өзі танудың құндылықтық мағынасы; Өзін-өзі тану - оқу әрекетінің бөлігі ретінде. Рефлексияны мәдени-тарихи тұрғыдан түсіну. Рефлексия - адамның өмір әлемін түсіну жолы (Ф.Е. Васильев). Білім беру үдерісіндегі қарым-қатынас туралы философиялық-логикалық түсініктің көрінісі. Кәсіби-педагогтік қарым-қатынас ерекшеліктері. Ойын барысындағы қарым-қатынас; Оқыту үдерісіндегі ойын имитациясы және креативтілік, олардың философиялық-психологиялық мағынасы және басқа да мәселелер.
Педагогиканың философиясын алғаш рет В.В. Краевский мен Л.М. Перминова қосымша кәсіби білім беру бағдарламасына арнап 2010 жылы құрастырған еді. Оның ішіне, өзін өзі танудан практикалық жұмысты қосуы сәтті шыққан еді. Бұл әрине, В.В. Краевскийдің педагогикалық білімді дамытуының бір жолы болды.
Педагогика философиясының мағынасын нақтылай түсу үшін әсіресе, логика мен дидактиканың өзара байланысын ғылыми-философиялық тұрғыдан зерделеу қажет болады. Педагогиканың философиясы әрі оқытуды логикалық-дидактикалық тұрғыда негіздей алады және дидактикалық-педагогикалық білімнің мәртебесін анықтайды. Әдіснамалық тұғырды ғылыми негіздеу әрқашан жаңа теориялық білімнің пайда болу алғы шарттарын талдаумен тығыз байланыста. Оқытуды логикалық-дидактикалық тұрғыдан зерделеу ғылыми-теориялық білімнің атқарылымына негізделген таным әрекетін гносеологиялық және ақпараттық нақтылау деген сөз.
Логикалық аксиоматика логикалықтың, гносеологиялықтың және психологиялықтың бірлігі ретінде қарастырылады, бірақ ол оқушыларға оқу-танымдық үдеріс әдіснамасы емес оқыту құралы ретінде қолданылады. Әдіснамалық ұқсастығына орай ғылыми-логикалық және дидактикалық білімнің кіріктірілуі мүмкін болады. Логика ғылыми-оқу-танымдық әрекеттің жалпы ғылыми әдіснамасы болып табылады. Дидактика – түрлі пәндерді оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі. Логика да, дидактика да «пәннен жоғары», өйткені, екеуінің зерттеу пәні бар, ал педагогикалық болмыста олардың пәндік мазмұны жоқ.
Ғылым және оқу танымы ғылыми білімнің құрамымен, құрылымымен, танымдық қызметімен сипатталады. Ғылыми білімді ұғымнан теорияға дейін меңгеру білім сапасының маңызды сапасы жүйеліліктің логикалық-психологиялық және дидактикалық сипаттамасы болып есептелінеді. Оқу-танымдық әрекетте таным қызметтерін меңгеру ғылыми әдісті игеруге әкеледі. Логиканы дидактикалық үдерістегі оқытудың құралы еткен тіл екені анық. Ғалым да, оқушы да құбылысты сипаттау (не?, қашан?, қайда?, қандай?, қанша?, қалай?), түсіндіру (неден?, неге?, не үшін?), болжау (не болады?, егер?) - үшін қолданыстағы кілтті сөздері бірдей. Бұл лексикалық құрылымдар оқу мәтіндерінің, оқу тапсырмаларының мазмұнына үнемі және мақсатты түрде қосылып отырады.
Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайылықпен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы - мәдени-өркениеттің дамуының негізгі көрінісі. Бұл парадигманы практикада жүзеге асыру үшін педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл ретте, әлемдік бәсекеге кабілетті білім беруді жүзеге асыратын парадигманың қоғамды дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғары мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер, оку-тәрбие үдерісінде ақпараттык, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б. басшылыққа алынады.
Педагогтің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды. Философиялық білімнің құрылымын әдіснама, гносеология, диалектикалық логика, әлеуметтік философия және ғылым философиясы анықтайды. Зерттеудің философиялық-әдіснамалық негіздеріне таным және ғылыми таным теориясының іргелі қағидалары алынады.
Әдіснамалық білім жалпы ғылыми білім әдіснамасы және арнайы білім әдіснамасынан (педагогика) құралады. Сондықтан, мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін құрастырудың базасы ретінде әдіснамалық білімнің құрылымы мен мазмұны нақтыланды (ғылым философиясы және әдіснамасы, ғылымтану, педагогика әдіснамасы, педагогикадағы ғылыми-зерттеу әрекеті мәдениеті, инновация әдіснамасы). Ғалымдардың пайымдауынша, педагогтің зерттеу мәдениетінің мазмұнына практик-мұғалімдердің ғылыми зерттеу әрекетінің аппаратын меңгеру, зерттеудің мақсатын анықтау, ұстанымдарды таңдау, әдістерді негіздеу дағдылары және әдіснамалық рефлексия енеді.
Қазіргі кезде философияның пәні мен негізгі қызметтері нақтылануда. Философия қоғамдық сананың формасы ретінде, адамның өмірдегі орны мен әлемге деген тұтас көзқарас, болмыс пен танымның жалпы ұстанымдары, адамның әлемге қатысы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтары туралы ғылым. Философиялық білім барлық нақты ғылымдар жүйесінде дамиды және келесі құрылымдық бөліктерден құралады: онтология (болмыс туралы ілім), әдіснама (әдіс туралы ілім), гносеология (таным туралы ілім), формалды, диалектикалық, арнайы логика, табиғат философиясы, әлеуметтік философия, антропологиялық философия, эстетика, этика (мораль туралы ілім), философия тарихы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет