«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет6/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Педагогиканың әдіснамасының пәні – тар мағынада – педагогика ғылымы педагогтардың ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру сипаты мен ерекшеліктеріне тәуелді.
Педагогикалық әдіснама (грекше. metodos – зерттеу немесе таным жолы және logos – сөз, ілім) түрлі мағналарда, мәндерде және қырларда түсінілуі мүмкін. Әдебиетке талдау әртүрлі авторлардың бұл мәселеге көзқарастары жақындай түскен тәрізді. Педагогикалық әдіснаманы педагогтардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелілігіне жетуді қамтамасыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдістері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім деп айтылып жүр.
Педагогикалық әдіснаманың пәні кең мағынада оны педагогикалық болмыс пен педагогика ғылымындағы оның көрінісінің арақатынасы деп анықтайды.
Бұл пән докторанттардың педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі, сондай-ақ оның сапасын бағалау туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді.
3. Таным теориясының дамуы.

Гносеология - ғылыми зерттеудің жалпығылымдық әдіснамалық негізі. Гносеология (грек. «gnosis» - таным, «logos»-түсінік, ілім) – бұл таным және бейнелеу теориясы. Таным теориясы- танымның мазмұны, заңдылықтары мен түрлері туралы ілім, ал таным- адам санасындағы объективті ақиқатты бейнелеуге бағытталған адам қызметінің қоғамдық-тарихи процесі.


Ақиқат адам санасында танымдық қызметтің белгілі бір түрлерінің көмегімен белгіленеді:

  1. Сезімдік таным түрі (қабылдау, сезіну, түйсік);

  2. Рационалдық таным түрі (абстрактілі ойлау түрлері - ұғым, пікір, ой тұжырымы).

Осы жерде сол екі форманың, яғни, сезімдік және рационалдық танымдардың қандай айырмашылықтары бар деген сұрақ туады. Олардың айырмашылықтары атқаратын қызметтерінен көрінеді. Адам сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы түсінік алады. Сезім мүшелері заттар мен олардың жеке қасиеттерінің сезімдік көрнекілік бейнесін береді. Ал абстрактілі ойлау түрлерінде (рационалды танымда), яғни, ұғым, пікір және ой тұжырымында заттардың, құбылыстардың, заңдылықтар арасындағы байланыстар және олардың дамуы бейнеленеді.
Осылайша, таным абстрактілі ойлаудың формасы ретінде ойлау қызметінің негізгі бірліктерінің бірі болады. Осы логикалық форма жәрдемінде басқа ойлау формалары (пікір, ой тұжырымы) құралады. Таным сезім, қабылдау және түйсікке қарағанда болмысты тереңірек тануға жағдай жасайды. Сезімдік - көрнекілік тәжірибені бейнелейтін сезіну, қабылдау және түйсік негізінде тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән, ал таным, пікір мен ойлау тұжырым сезімдік тәжірибеден тыс жатады.
Танымның пайда болуы сыртқыдан ішкіге, құбылыстан мәнге енуге жәрдемін тигізетін абстракция арқылы іске асады. Еңбек қызметі процесінде тіл- сонымен бірге абстркатілі ойлау, яғни заттарды қолмен ұстап көрмей-ақ оларда түсініктерді пайымдау мүмкіндітері пайда болды. Міне, осыдан бейнелеудің белсенді мазмұны айқын көрінеді, яғни, адам дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар идеал дүниені, рухани мәдениетті де жасайды.
Адам санасы бейнелеудің ең жоғарғы және күрделі формасы. Бейнелеу қызметі әр түрлі жағдайда көрінеді:

  1. Жас табиғаттағы қарапайым бейнелеу түрлері (жер бетіндегі шұңқыр, іздер, т.б);

  2. Жанды организмдердегі бе йнелеудің сапалық жаңа формасы-тітіркену (өзіндік жапырақтарының жарыққа қарай бет бұруы т.б.);

  3. Жоғары дамыған жануарлардағы бейнелеу формасы- психика. Ол заттың бейнесін және оның жеке қасиеттерін тану қабілетінде көрінеді. Жоғары дамыған жүйелі жануарлар психикаыс адам санасының тууына негіз болды.

Жоғарыда біз, абстракция арқылы сыртқыдан ішкіге, құбылыстан мәнге өту іске асатынын айтқан едік. Осыған қатысты мән мен құбылыс заттың өзара диалектикалық байланыстағы мазмұны екендігін айта кеткеніміз жөн. Мән заттың алуан түрлі қасиетінің бірлігін ашады.
Құбылыс- сезімдік таным (қабылдау, сезіну, түйсік), яғни, заттың қасиеттері мен белгілері. Құбылыста заттың мәнін құрайтын заңдар болады.
Философия тарихында мән мен құбылыс туралы түрлі пікірлер бар. Мысалы, қант-мәнді танып білуге болмайтын «өзіндік зат», ал құбылыс-адам санасына тән болған қандайда бір субъективті нәрсе деп түсіндірді.
Таным - объективті дүниені бейнелеу деңгейі, таным әдістері мен формалары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін белгілі сатылармен (эмпириялық танымнан теориялық танымға) ауысады. Эмпириялық танымға тән әдістерге бақылау, белгілеу, қадағалау жатады. Таным процесінің бұл сатысында заттардың сыртқы көріністерін, қасиеттерін белгілейтін мәліметтерді жинау іске асырылады.
Теориялық таным - бұл құбылыстың ақиқат мәнінде адам ойлауының тереңдей енуі. Мұна ғылыми (теориялық) таным модельдеу, гипотезалар, теориялар және т.б. әдістерін пайдаланады. Сонымен қатар, таным процесінде адам түрлі логикалық, яғни, анализ, синтез, дедукация, индукция, абдукция секілдіілдерді (кейбір авторлар мұны ой әрекетінің тәсілдері, ал басқалары-ойлау операциялары деп атайды) қолданады. Таным теориясына қайта оралайық. Таным теориясында филосифияның негізгі мәселелерін шешуде материалистік және идеалистік екі бағыт бар. Олардың басты ерекшелігі – фиасофияның негізгі мәселесі болған материя мен сананың қайсысы алғаш пайда олды деген сұраққа жауап беруінде жатыр. Осыдан заттық болмыс, яғни зат туралы ілім туындайды. Материя-бұл объективті шындық. Материяның өмір сүру тәсілдері-қозғалыс түрлері.
Субъективті және объективті идеализмде сананы бірінші, ал материяны одан туындайды (Платон, Гегель, т.б.) деп қарайды. Ал кейбір акностицизм бағытындағы философ-идеалистер (Юм, Кант және т.б.) болмыстың, заттың мәнін танып –білуге болмайды деп түсіндірді. Материалистер (Демокрит, Бэкон, Дж. Локк, XVIII ғасырдағы француз материалистері және т.б.) материя, зат бірінші, ал сана болмыстың бейнесі деп дәлелдеді. Таным үдерісіндегі негізгі моменттер туралы да түрлі пікірлерді кездестіреміз. Осылайша таным теориясында эмпирикалық, рационалдық, иррационалдық, материалистік диалектика бағыттары пайда болды.
Эмпиризм танымның сезімдік немесе эмпириалық түрлерін негізге алады, рационализм теориялық танымға, абстракатілі ойлауға ерекше назар аударады, иррационализм затты толығымен тану құралы ретінде ақыл, ой интеллектіне сезінуді қарсы қояды. Материалистік диалектика танымның күрделі диалектикалық мазмұнын санада бізден тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстардың бейнеленуімен байланыстырады, диалектика мен таным теориясының бірлігін, таным мен практикалық қызметтің өзара тығыз байланысын қолдайды.
Таным объектілері адамның прктикалық қызметімен тығыз байланысты және оған тәуелді болады. Таным үдерісінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Ол, прктика таным процесінің негізгі қозғаушы күші және танымның дамуында пркатикалық қызметтің шешуші орнын мойындамайтын, танымды ақиқаттың көшірме бейнеленуі деп қараған Маркске дейнгі материализмнен ерекшеленеді. Жоғарыда біз, гносиалогия-бұл таным үдерісі деген едік. Сондықтан енді «теория» түсінігіне тоқталайық.
Теория (грек. theona – бақылау, қадағалау, зерттеу) – ойлаудағы ақиқаттың жалпы бейнелену формасы. «Теория » термині негізгі екі мағнада қолданылады. Кей мағнасында – ол ғылым, адамның прктикалық қызметіне қарағанда жалпы таным, ал тар мағынасыннда теория – белгілі бір қатаң формаға ие болған таным.
Анау немесе мынау объектіні тану барысында адам оны сырттай түсіндіруге, оның жеке қасиеттерін белгілеуге ұмтылады. Объектінің бағынатын заңдары ашылған соң, адамзаттың белгілі бір ішкі логикалық құрылымға ие толық жүйесін анықтап, заттың жекелеген қасиеттерін біріктіріп түсіндіреді. Осылайша, алынған зат туралы жан жақты, терең білім – теория деп аталады. Кез-келген ғылым теориядан тұрады (мысалы қазіргі физика – кванттық теория, салыстырмалы теория, элементті бөлшектер теориясы, т.б.).
Теория объектісі тек ақиқат құбылыс пен заттар ғана емес, сонымен бірге теорияның өзіде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда теория туралы теория метатеория деп аталады. Ешқандай теория зат туралы аяқталған абсалютті танымды бере алмайды. Дамып бара жатқан таным жаңа фактілерді, ережелерді, заңдарды тауып отырады.
Сонымен, философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теорияларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет