Сабақтың тақырыбы: «Сын есім мен зат есімнің байланысы»



Дата10.10.2020
өлшемі20,97 Kb.
#64306
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: «Сын есім мен зат есімнің байланысы»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сын есімнің мағынасы, зат есіммен байланысын сұрақ қою арқылы анықтау туралы жан-жақты білім беру.Сын есім туралы білімін кеңейтіп, танымдық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Өзіне сенімділігін қалыптастыру, жазу сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.



Сабақтың түрі: білімді тиянақтау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану,бейнелеу, еңбек

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Алтын ереже

- Тыныштықты сақтау

- Сабаққа белсене қатысу

- Бір-бірін тыңдау

- Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Топқа бөлу

1-топ «Көктем» тобы

Таныстыруы: Көктем келді күлімдеп,

Міне,саған гүлім-деп

2-топ «Наурыз» тобы

Таныстыруы: Жыл басы –Наурыз,

Мол болсын дәм-тұз.

3-топ «Сәуір» тобы

Таныстыруы: Сәуір болмай-тәуір болмас.

4-топ «Мамыр» тобы

Таныстыруы: Мамыр келсе халқымыз

Мерекені тойлайды.



Үй тапсырмасын сұрау.

409-жаттығу Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.

-Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру

-Етістік дегеніміз не? Мысал келтіру

- Сын есім дегеніміз не? Мысал келтіру

Берілген сөздерді ұяшыққа орналастыру

(сұрақ қою арқылы сөздердің мағынасын анықтау)

Жаңбыр, ұшты, әдемі, кептер, жақсы, қалың, аспан, оқып отыр, түйелер,суретші,келе жатыр, күркіреді, сұйық.

Жаңа сабақ


Күн


Гүл



1-тапсырма 412- жаттығу. Мүйізтұмсық

Мәтінді оқып сын есімдерді түртіп алу (Түртіп алу стратегиясы)



Дәптермен жұмыс

2- тапсырма 413-жаттығу

Берілген зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу.



1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

тақтай көл кесе

көше

Сергіту сәті «Көңілді күн»
3-тапсырма

Берілген заттарды сипаттау

Алма, лимон, су, бал.

4-тапсырма

1-топ Көктем туралы әңгіме жазу

2-топ Көктем туралы өлең шығару

3-топ Көктем туралы сурет салу

4-топ Көктем туралы сөз тікестер жазу

Сабақты қорытындылау

Мақал-мәтелдер бойынша сын есімдерді қой.

1-топ

Әдепті бала .......(арлы) бала,

Әдепсіз бала .......(сорлы) бала.

2-топ

Отан- оттан да ......(ыстық),

Тіл- балдан да ......(тәтті).

3-топ

........ бала – қуаныш

........ бала өкініш (жақсы, жаман)

4-топ

Күннің шуағы ........ (жылы)

Ананың құшағы ...... (жылы)

Үй тапсырмасы

416-жаттығу «Ат жарысы» тақырыбына әңгіме жазу

15 сөзден кем болмау

Мағыналы болу



Сын есімдер қолдану.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет