Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі
Байланыс тел: 87059152954, 87076179612
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, көктем
Сабақтың мақсаты:
Көктем көрінісі жайлы әңгімелеу.
Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз байқағандарын және ішкі сезімдерін сурет салу арқылы дамыту.
Оқушыларды тиянақтылыққа, жұмыстан әсер алуға, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар «Көктем келді» тақырыбында сурет салады;
Байқаған қызықты жәйттарды алуан түрлі түспен көрсете біледі;
Оқушылар тиянақты жұмыс жасай біледі;
Музыка мен суреттер арқылы сезімталдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың формасы: ойын түрінде сабақ.
Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру.
Үрдісі: Ізденіс шығармашылық.
Құрал -жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар, атақты суретшілердің суреттері мен түрлі-түсті слайдтар, әр түрлі тапсырмалар, видеороликтер, компьютер, мультимедия және экран.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Жұмыс орындарын тексеру
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? . Мен сендерге сәттілік тілеймін, қойылған сұрақтарға жақсы жауап беріп, тек бестік баға алыңдар.
Кезекшімен сөйлесу:
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім жоқ?
-Барлық оқушылардың құралдары түгел ме?
-Сабаққа дайынсындар ма?
Жақсы, онда сабағымызды бастаймыз.
2. Сабаққа деген психологиялық көмек.
— Балалар, шаттық шеңбер құрып,бір-бірімізге күлімдеп карап жақсы тілектер тілейік.
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады.
Оқушылардың іс-әрекеті.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Қайырлы күн, қайырлы күн!
-Денсаулығымыз мықты болсын.
-заманымыз тыныш болсын
-аспанымыз ашық болсын
-барлығымыз дос болайық
3. Қызығушылақты ояту.
— Балалар мен бүгінгі сабақты төменгі жолдардан бастағым келіп тұр: «Бейнелеу дегеніміз музыка тәрізді, ал музыка-әуен арқылы берілген сезімдер»
Ойын «ойлау қабілетінді қос»
— Қазір біз көзімізді жабамыз да, музыкалық шығармадан үзінді тыңдаймыз. (музыка қосылады)
— Не сездіндер? Не елестетіп отырсыңдар? (оқушылардың жауаптары: жарық күн, ашық аспан, еріп жатқан қар, жылылық, т.б)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып, біз өткен сабағымызда 1- сәуір құстарды қорғау күніне орай «Қанатты достар» тақырыбында сурет салып келу берілген болатын, сол салып келген суреттерімізді көрмеге кояйық. «Галерея аралау» әдісі арқылы оқушылар «ең үздік» деген суреттерге стик жапсыру арқылы баға беріледі. Жасыл -5, сары-4, кызыл-3 деген баға.
Құстар туралы болжамдардан оқушыларға сұрақ қою.
Шымшық ұя салса – қыс қатты болады.
Қарға қарқылдаса – қар, жаңбыр жауады .
Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы, құрғақ болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Сауысқан шықылдаса – қонақ келеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
— Қазір қай кез? Көктем айларын атаңдаршы.
— Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер байқалады? (Жайдарлы күн, еріген қар, сылдырлап ағып жатқан жылғалар, бүршік атып келе жатқан ағаштар, құстардың ұшып келуі)
— Көктем қалай келеді?
Бәріміз тақтаға қарап, табиғаттың оянып, көктемнің келуін көрейік
(«Көктемнің оянуы» атты видеоролик көрсетіледі.)
— Балалар көктемгі табиғаттың ерекшеліктері қандай?
(Жан-жануарлар, жәндіктер, табиғат оянады, жас төлдер асыр салады)
Мұғалім балалар жазушы Бақыт Мұстафиннің «Керемет көктем» атты әнгімесін айтып береді.
Қар кетті. Ауыл көшелерінде жер дегдіді. Қылтиып көк те көріне бастады. Шөптің нәп-нәзік жасыл жапырағын көргенде, Дәурен қуанып кетті.
- Көктем келді!-деп, айқайлап, үйге жүгіре келді.
- Оны қайдан білдің?- деді әжесі.
- Шөп көктепті. Шөп көктегенде, көктем келмей ме?
- Жоқ, бұл көктемнің хабаршысы,- деді әжесі, табиғат көрінісін түсіндіріп.
- Әже, әнеугүні құстар келгенде де көктем хабаршысы деп едің ғой?
- Иә, құстарда көктем хабаршысы. Олар ерте келіп, көктемнің жете алмай, әлі жолда жүргенін хабарлайды.
- Сонда керемет көктем қашан келеді?- деп, Дәурен тағатсыздана сұрақтарын көбейте береді.
- Ол күнді өзім айтамын- дейді әжесі.
Кішкентай Дәурен сол керемет көктем келетін күнді асыға тосады. Күнде таңертең тұрып, әуелі аспанда қалықтаған құстарға қарайды. Түкті кілемдей құлпырып келе жатқан көк майсаға қызығады. Сонан соң әжесіне келеді. Әжесі ундемейді. Ол кісіде көктем келетін күнді асыға куткен сияқты.
Бірде Дәурен ұйықтап жатса.
- Дәурен, құлыным, тұр. Керемет көктем келді.
Әжесінің қуанышы даусының дірілінен танылып тұрды.
- Қане, көктем, қане әже?- деп немересі терезенің ернеуінен ұстап, айналаға үңілді. Жер қайыстырған трактордың, жүздері тотыққан диқандардан басқа ешкім көрінбейді.
- Әне жүр, -деп әжесі Дәуренді далаға шығарып, тракторлар керуенін нұсқады.
- Әне, егіншілер дабылы соғылғаны- керемет көктемнің келгені.
Куанған Дәурен де көшені бойлап, жүгіре жөнелді. Ауылдағы кісілер қырға қарай ентелеп барады. Дәуренде керемет көктеммен жарысып, ойнағысы келеді.
Мұғалім: Балалар, сендерге «Көктем кереметі» әңгімесі ұнады ма?
(Әңгімеге байланысты әр оқушының ойларын байқау.)
Мұғалім:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп
Сай –салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: көктемде.
Мұғалім: Ендеше қытайдығы қандастарымыз Ерен Анарбекұлы мен Балапан Рабатовтың «Көктем келе жатыр-ау» әнін тыңдайық.
(«Көктем келе жатыр -ау» әні тыңдалады.)
Мұғалім: Олай болса, сол көктем бізге қонаққа келе жатыр.
(Есік қағылады, ішке сиқыршы көктем кіреді.)
Көктем: Армысыздар балалар, мен Көктеммін. Мен сендермен қауышқаныма куаныштымын. Мен сендерге сиқырлы гүлдер алып келдім. Кім маған көктем туралы өлең айтып, менің қойған тапсырмаларыма тез жауап берсе, сол балаға гүл беремін.
1-тапсырма:
Көктем тақырыбында өлең, тақпақ айтып беру.
2- тапсырма: «Ақын болғым келеді» ойыны Өлең жолдарын жалғастыру
Көктем қандай ...............,
Көктен .............. төгілді.
Мөлдір аспан .......................
Күннің ............. ....................
Дұрыс нұсқасы
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі шашылды.
3-тапсырма:
«Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны
1.Көктем айлары: наурыз, шілде, тамыз
2.Көктемде қар еріп, сай-салаға су толады.
3.Көктемде егін,бақша егеді, малдар төлдейді, құстар ұшып кетеді.
4.Күн жылы, түн әлі салқын болады.
5.Мал көк шөпке тойынады.
Мұғалім:
— Рахмет, Көктем! Сізге оқушылар ұнады ма? Сіздің тапсырмаларыңызды орындай алды ма? Асықпаңыз! Бізбен бірге қалыңыз.
IV. Сарамандық жұмыс. Жұптық жұмыс
Оқушылар топқа бөлініп «Көктем келді» атты тақырыпқа түрлі-түсті қарындашпен сурет салады.
V. Рефлексия кезеңі
Тапсырманы орындағандар алақандарыңды соғыңдар. Кімге уақыт жетпеді, олар бастарың сипасың «Балақай ештеңе етпейді, келесі жолы міндетті түрде үлгереміз» — деп айтыңдар.
ҮІ. Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Құстар болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
VII. Сабақтың қорытындысы
Балалар сабағымызды мына тапсырма арқылы қорытындылайық.
(Балаларға кесте таратылып беріледі).
Жауаптар
Сұрақтар
|
Ақпан,
Наурыз,
Сәуір
|
Наурыз,
Сәуір,
Мамыр.
|
Қар жауады
|
Қар ериді
|
Ұза-
рады
|
Қыс-
қарады
|
Қарға
|
Қара
торғай
|
Көктем мезгілінің айларын ата?
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
Көктемде қандай өзгерістер болады?
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
Күн ұзара ма, қысқара ма?
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
Көктемнің алғашқы хабаршысы қандай құс?
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
— Сабақ ұнады ма?
— Егер ұнаса, күнге күлкіні салып қойындар.
VIII. Үйге тапсырма беру:
Балалар, көзімізді жұмайық. Осы үн таспа арқылы, гүлдер өсіп тұрған жерге барайық. Жүріп келеміз – жүріп келеміз алдымызда гүлдер өсіп тұр. Сол гүлдерге қараймыз. Гүлдің
ортасынан өтеміз. Тоқтап гүлдерді қолымызбен ұстаймыз. Гүлді алып иіскейміз. Гүлдің иісі керемет. Өзіміздің ұнаған гүлдерді теріп алайық. Барған жолдан кері қайтып сол жолмен терген гүлді алып қайтамыз. Ал енді көзімізді ашайық.
- Сендер қандай гүлдерді елестеттіңдер?
- Бәйшешек, бақбақ, жауқазын, қызғалдақ, раушан, өгейшөп.
-Олай болса келесі сабаққа жаңа өздерің елестеткен гүлдің суретін салып келіңдер.
Аудандық оқушылар үйінде «Сурет-дизайн» үйірмесінің 3 тобынды өткен «Қош, келдің көктем» тақырыбындағы ашық сабақтың өтілгендігі туралы
АНЫҚТАМА
8.04 күні «Сурет-дизайн» үйірмесінің 1 тобында «Қош, келдің көктем» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Көктем көрінісі жайлы әңгімелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз байқағандарын және ішкі сезімдерін сурет салу арқылы дамыту.Оқушыларды тиянақтылыққа, жұмыстан әсер алуға, сезімталдыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар «Көктем келді» тақырыбында сурет салады. Байқаған қызықты жәйттарды алуан түрлі түспен көрсете біледі. Оқушылар тиянақты жұмыс жасай біледі.Музыка мен суреттер арқылы сезімталдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың ойын түрінде өтті. Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру. Үрдісі: Ізденіс шығармашылық.
Ұйымдастыру кезеңінде жұмыс орындарын тексеріп, оқушылармен сәлемдесіп, Бүгінгі көңіл- күйлерін сұрап, оқушыларға сәттілік тіледім. Сабаққа жақсы қатысып, тек бестік баға алуларына тілектестік білдірдім. Содан соң оқушыларға психологиялық көмек беру мақсатында шаттық шеңберіне жинап, бір-бірілеріне күлімдеп карап жақсы тілектер тіледік. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «ойлау қабілетінді қос»ойыныны ойнаттым. Оқушылар көздерін жұмып, музыкалық шығармадан үзінді тыңдады. Содан соң — Не сездіндер? Не елестетіп отырсыңдар?- деп сұралды. Оқушылар жарық күн, ашық аспан, еріп жатқан қар, жылылық- деп жауап берді.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде «Галерея аралау» әдісін қолдандым. «ең үздік» деген суреттерге стик жапсыру арқылы баға бердім. Жасыл -5, сары-4, кызыл-3 деген баға. Үйге 1- сәуір құстарды қорғау күніне орай «Қанатты достар» тақырыбында сурет салып келу берілген болатын, сол салып келген суреттер көрмеге койылды. Содан кейін Құстар туралы болжамдардан оқушыларға сұрақтар қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |