Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, көктем Сабақтың мақсаты : Көктем көрінісі жайлы әңгімелеу



бет2/2
Дата19.02.2017
өлшемі343,76 Kb.
#10763
түріСабақ
1   2



Жаңа сабақты баяндау кезінде «Көктемнің оянуы» атты видеоролик көрсетілді. Оған қоса балалар жазушы Бақыт Мұстафиннің «Керемет көктем» атты әнгімесін айтып бердім. Әңгімеге байланысты оқушылардың ойлары тыңдалды. Содан соң қытайдығы қандастарымыз Ерен Анарбекұлы мен Балапан Рабатовтың «Көктем келе жатыр-ау» әнін тыңдалды. Әннен соң артынша сыныпқа көктем келді.Көктем оқушылармен амандасып, өзін таныстырып, қайта қауышқанына қуанышты екенін айтып өтті. Оған қоса оқушыларға сиқырлы гүлдер алып келгенін айтты.Оқушыларға тапсырма берді. 1-тапсырмада оқушылардан тақырыптық өлең, тақпақтар сұраса, 2- тапсырмада «Ақын  болғым  келеді» ойынын ойнатты.  3-тапсырмада «Дұрыс па? Бұрыс па?» ойынын ойнатты. 



 Сарамандық жұмыс кезінде жұптық жұмыс жүргізілді. Оқушылар топқа бөлініп «Көктем келді» атты тақырыпқа түрлі-түсті қарындашпен сурет салды.

Рефлексия кезеңінде тапсырманы орындаған оқушылар алақандаран соқты, ал уақыт жетпей қалған оқушылар бастарын сипап, «Балақай ештеңе етпейді, келесі жолы міндетті түрде үлгереміз» — деп айтты.Содан соң сергіту сәті жүргізілді.



Сабақты қорыту кезінде оқуышларға кесте таратылып, қойылған сұрақтарға сәйкестендіру тесті арқылы жауап берді. Сабақ ұнаған оқушылар күннің күліп тұрған суретін салды. Үй тапсырмасын беру кезінде балалар көздерін жұмып отырды. Үн таспа арқылы, гүлдер өсіп тұрған жерге бардық. Жүріп келеміз – жүріп келеміз алдымызда гүлдер өсіп тұр. Сол гүлдерге қараймыз. Гүлдің
ортасынан өтеміз. Тоқтап гүлдерді қолымызбен ұстаймыз. Гүлді алып иіскейміз. Гүлдің иісі керемет. Өзіміздің ұнаған гүлдерді теріп алайық. Барған жолдан кері қайтып сол жолмен терген гүлді алып қайтамыз- деп оқушылардан қандай гүл теріп алғаны сұралды. Оқушылардың бірі қызғалдақ десе, екіншісі бәйшешек деп жауап берді. Үйге сол өздері елестеткен гүлдің суретін салып келу тапсырылды. Сабаққа М.Аяшова, А.Әділов, С.Сериева, Ж.Алпысбаева, И.Әбдібекова, Н.Малаев, А.Смағұлова қатысты. Сабақты талдай келе «Өте жақсы» деп бағалады.



Анықтама беруші: Е.Жұмабеков

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет