Өзекті тақырыптар: – ЖОО-да бакалавриат, магистратура, докторантурадағы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары, дәстүрлі және электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар даярлау;
– Маман даярлаудың құрылымын, пәндердің мазмұнын нақтылау, әдістемесі мен технологиясын жетілдіру;
– ЖОО-да болашақ мамандарды тәрбие жұмысын және ұлттық тәрбие жүйесін ұйымдастыруға даярлау;
– 12 жылдық білім беру жүйесіне және шағын жинақталған мектепке мамандар даярлау;
– ЖОО білім беру бағдарламалардың сапасының мәселелері және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптары, «Білім беру» тобы мамандықтарына сұраныс динамикасы;
– Жалпы орта білім беру және жоғары педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасауды үйлестіру мәселелері;
– Жоғары педагогикалық білім беру үдерісінде базалық пәндерді шет тілінде оқыту мүмкіндіктері және тәжірибесі;
– Бағдарлы (бейінді) оқытудың теориясы мен технологиясы;
– Мемлекеттік стандарттар даярлау барысында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелерін пайдалану;
– Инновациялық технологияны оқыту үдерісінде, педагогикалық практика барысында, дипломдық жобаларды, мемлекеттік аттестацияны оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде көрмелерді ұйымдастыруда пайдалану;
– Болашақ мамандардың кәсіби-дидактикалық, кәсіби-әдістемелік, кәсіби-технологиялық құзырлылығын қалыптастыру, біліктіліктерін арттыру;
– Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік көрмелер және инновациялық форумдар ұйымдастыру;
– Оқу-әдістемелік жұмыстың ғылыми-зерттеулер нәтижелері мен отандық, шетелдік жоғары оқу орындары тәжірибелері негізінде жетілдірілуі.
Әрине, бұл өте күрделі және ауқымды мәселелер. Оларды үйлесімді шешуді біздің университеттің базасындағы Секция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен жүзеге асырады. Секция мүшелері, яғни Сіздер, осы келелі жұмыстарды атқаруға белсенді қатысқандарыңыз жөн болар еді. Кеңестің қорытынды мәжілісінде аталған мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер мамандықтар бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын тереңдетуге, одан әрі жетілдіруге мұрындық болар деген сенім білдіремін.
Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы – ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке адамның білім алуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Білім туралың Заңында да білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы ретінде азаматтардың тұлғалық, психофизиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін олардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Азаматтардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету білім беру жүйесін ақпараттандыруымен тығыз байланысты.
«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындаң, «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағдарламасында мына мәселелерге баса назар аударылған:
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне (1 компьютерге келетін оқушылардың саны – 10-15) жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;