Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндегі ұнамсыз мінез-құлықты, жағымсыз қасиетті жеңіп, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге бағытталған белсенді әрекеті.
Өмір – жеке тұлғаның жан - жақты дамуына өзін-өзі тәрбиелеудің ең қуатты жолы екенін дәлелдеп отыр.
Өзін-өзі тәрбиелеу түрлері: интеллектуалдық (ақыл-ой), ой-өріс дамыту бағытындағы жұмыс; адамгершілік, имандылық, әдептілік, дене, эмоциялық, сезімдік, эстетикалық қасиеттерін, ерік-күш, жігерін шыңдау бағытында;
Өзін-өзі тәрбиелеудің ең маңызды компоненттері: мақсат пен міндеттер, өмірлік мұраты, өзіне деген талаптары, білімі, өзінің ұстанымдары, еркі.
Өзін-өзі тәрбиелеудің негізі болып: қажеттіліктер мен мотивтері табылады.
Сіздер «Қысқа педагогикалық сөздіктеріңізді толықтыру үстіндесіз!»
Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру шарты:
өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын айқындау;
өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын анықтау;
көңіл-күйін, сезімін жүйеге келтіру;
ынталандыру жүйесін құру;
- жағымды сезімдерге сүйену.
Өзін-өзі бағалау. (самооценка)
Өзіндік сана (самосознание)
Жеке тұлғалық ерекшелік.
*Сіздер баланы осы уақытта ол қандай болып қалыптасты, ол үшін нендей нәрсе құнды, тұлғалық негізі қандай,жетістігі қаншалықты, қабілетті ме, жоқ па, сол қалпында қабылдап,сыйлай білу керектігін білесіз. "Өзге адамның құқығын сыйлау", "өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін" деген ойлармен байланыстырып,"Соңғы сөзді маған қалдыр" әдісі бойынша сөйлеуге дайындалыңыз.
-"Басқа баланы үлгі етерде, өз балаңызды төмендете сөйлеуден сақ болыңыз. Балада өшпенділік, көре алмаушылықтың дәнін егесіз."-дейді, С.Қоңырбаева өзінің "Отбасы: бала мен ата-ана"деген құралында.Осыған сүйене отырып, ата -аналарға арналған баяндама немесе лекция, не пікірталас тудыратындай дөңгелек үстел секілді шара жоспарын құрып келуді ұсынамын. Бұл проектілеріңізді педагогикалық практикада жүзеге асыру мүмкіндігі туатынын ескеріңіз!
1.Бастауыш мектеп журналындағы тәрбие шараларына байланысты материалдарға тәрбие әдістері, құралдары және формаларын қолданудың тиімділігі тұрғысынан талдау жасау
Жинақтаған материалдарын тақырыптар бойынша топтастырып папка жабдықтау. Материалдарға төмендегі үлгіде талдау жасау
р/с
|
Тәрбие шарасы
|
Ұсынылған форма, тиімділігі
|
Әдістері, тиімділігі
|
Құралдары тиімділігі
|
Жетілдіру бағытындағы ұсыныстар
|
|
|
|
|
|
|
Талдау бойынша өз позициясын қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |