Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


оқушы мінез құлық тәртібі



бет80/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

оқушы
мінез құлық тәртібі

Қ С Т



М



Мақсаттары.

Т –тәрбиеші әсері, ықпалы;
Ж.Т – тәрбиеленуші жеке тұлға;
Қ - тәрбиеленушінің тәрбие ықпалына қарым-қатынасы;
С – жеке тұлғада қалыптасуға тиісті сапалары;
Т – тәрбиеленуші тәртібі, мінез – құлық; М – мотив;
Тәрбие ісінің негізгі кезеңдері.

Мінез-құлық ережелері
мен нормаларды меңгеруі (білім)




Мінез-құлық тәртібінің қалыптасуы

Сенімнің қалыптасуы

Сезімнің қалыптасуы

Тәрбиеленушінің өзіне қойылатын талаптар мен нормаларды, мінез-құлық ережелерін түсініп меңгеруі-тәрбие процесінің маңызды кезеңі. Дер кезінде кеткен қателіктерді түзетіп, бағыттап отырып, қажетті нәтижеге жеткізіледі.


Мінез-құлық қалыптастыруда білімнің сенімге айналуының маңызы зор. Сенім - белгілі бір принциптерге негізделген және дүниетанымдық көзқарастардың басты орын алуы, өмірдегі ұстаным. Бұларсыз тәрбие процесі өте жай, сылбыр жүрген болар еді де, нәтижеге жету қиын болар еді.
Қарапайым мысал келтірсек, бала-бақшадағы сәби тәрбиешілермен амандасу керек екенін жақсы біледі. Бірақ олай істемейді, неге? Өйткені солай жасауға сенім жоқ. Білімі бар – ол сенімге айналмаған, сөйтіп тәрбие бірінші кезеңде тұрып қалды, екінші кезеңге өткен жоқ.
Сезімді қалыптастыру – тәрбие процесінің тағы бір елеулі де өте маңызды компоненті. Ежелгі грек философтары «адамзаттың шындықты іздеуі эмоция-сезімсіз мүмкін емес.» деген. Тәрбиешілер бала тәртібі мен мінез-құлқын қалыптастыруда міндетті түрде оның сезіміне әсер етіп және сезімдеріне сүйене отырып, ойлағанына жете алады.
Тәрбие процесінің ең маңызды кезеңі, әрине, іс-әрекет.
Іс-әрекет үстінде дүниетаным, көзқарастар, сенім мен сезім біте қайнаса отырып қалыптасады. Тәрбие процесіндегі құрылымдары ішінде неғұрлым мақсатқа құрылған, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет орын алса, нәтиже соғұрлым тиімді болады.
Сонымен, тәрбие процесі – балалар бойында саналылықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасын, дүниетанымын, мінез-құлқын, рухани жан дүниесін мақсатты қалыптасыру процесі.
Және ол біртұтас, кешенді, алдын - ала нәтижесін болжауға, ескеруге бола бермейтін, түрлі әсерлерге байланысты жүретін процесс.
Тәрбие процесіне – кешенділік, үздіксіздік, секірмелілік, қайшылықтық, диалектикалық ерекшеліктер тән.
Баланың тұлға болып дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Белсенділіктің бірнеше түрі бар: қарым – қатынас белсенділігі, таным - білім белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет