Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет21/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Артық етпес білгенің...

Қазақстан ұзақ жылдар бойы бірнеше ұлт мәдениетінің тоғысу орталығы болып келеді. Елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Ұлтаралық толеранттық қарым-қатынас біздің жетістігіміз. Қазақ ұлтына сыйлау, құрметтеу сезімі және басқаны қабылдау, сонымен қатар өзінің аз да болса маңыздылығын сезіну қасиеттері тән. (С.Қ.Мұхамбетова, С.Қ.Қожаева. Тәрбие теориясы. Астана-2005)


Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 70% қазақ халқы өкілдері мынадай қасиеттердің өздерінде жоқ екенін растайды: жаулап алу мен күш көрсету; бәсекелестік пен қақтығысқа ұмтылу. Мұнымен қатар, 60 % мынадай жақсы қасиеттерге ие екендігін атап көрсетеді: өзара келісіп барып шешім қабылдау; біреудің айтқанына көну; жол беру, тілектестік, төзімділік. Қазақ халқы – ашық, көпшіл.
Ал орыс халқына келетін болсақ, олар да өздерінің ынтымақтастықпен жұмыс жасауға және өзара бірігіп әрекет етуге бейім екендігін білдіріп тұрады. Олар әлеуметтік-кәсіби деңгейін сақтай отырып, нарықтық қатынас жағдайына тез бейімделіп кетті. Олардың басқа халықтарға қарағанда толеранттық деңгейі өте жоғары болып келеді.
Жауап бергендердің төрттен бір бөлігі ғана агрессия, қысым көрсетуге жақын ойларын білдірсе, 65% өзара келісімді шешім қабылдайтындықтарын білдіреді. Бүгінде Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін ұлтаралық қатынасты, байланыстарды кеңейту, ұлтаралық ынтымақтастық, бірігу, достық орын алып келеді және осылай жалғаса беруі керек. Әр түрлі экстремизм, төзімсіздік, этнофобиялық көріністерге жол берілмеуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет