Педагогикалық процестің негізгі компоненттері: мақсаттық, мазмұндық операциялық - іс-әрекеттік, талдаушылық-нәтижелік. Педагогикалық процестің дайындық, орындау (негізгі) нәтижелік талдау (қорытынды) кезеңдерін атап өтуге болады. Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа негізде іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің “Bildung”-”бейне” сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс.
Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дəуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-əрекетіне тікелей араласу нəтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тəрбие, мəдени құндылықтарды əулеттен əулетке жеткізу қызметтерін орындау əрбір ересектің борышты міндеті есептелген де, ол міндет балалардың еңбек жəне əлеуметтік іс-əрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның əрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тəрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен ажырамай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге үйренген. Əйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға тəрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, əскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, əн шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мəдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тəжірибенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған арнайы əлеуметтік құрылымдар мен əлеуметтік (институт) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Əлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Əрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму деңгейіне тəуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, əлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Əр дəуір білімі сол кезеңдегі əлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мəдениет деңгейін, саяси жəне идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім – салыстырмалы дербес жүйе. Ол төмендегідей қызметтер атқарады (Н.В.Берклвений, А.А.Реал бойынша):
білім адамның ғылым мен мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы;
тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі;
адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтың рухани санасын қалыптастыру тетіктері;
ғасырлар сынынан өткен жеке мінез-құлық пен іс-әрекет түрлерін, қоғамдық өмірдің қалыптасқан формаларының ұрпақтан-ұрпаққа ауысуын қамтамасыз етуін;
аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі;
тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын жүзеге асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме);
жеке адам мен қоғамдық өмірдегі қайта құрулардың белсенді қозғаушы
күші т.б.
Білім – мұғалім мен оқушының субъект – субъект әрекеті негізінде мақсатқа жетуге бағытталған педагогикалық процесс.