Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет41/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ (ҚР білім Заңынан)


10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.


11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;


9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

12-бап. Білім беру деңгейлері


Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:


1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7)жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Заң өзіндік сипаттарымен, әсіресе, деңгейлі және кәсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап берді.
Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:

  • мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалары;

  • жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта (толық) жалпы білім; мектептер, гимназиялар, лицейлер, т.б.

  • бастауыш кәсіби (училищелер), орта кәсіби (техникумдар, колледждер), жоғарғы кәсіби (институттар, университеттер, академиялар) және ЖОО-дан соңғы кәсіби (аспирантура және докторантура, курстар, біліктілік көтеру және қайта дайындау институттары) білім мекемелері;

  • дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету-коррекциялық) оқу мекемелері; көру мүкістігі және зағиптар, естуі мүкісті және кереңдер, ақыл-ес дамуы кемдіктері бар, есінен ауысқандар және т.б. мектептері:

  • қосымша білім мектептері: ән-күй, өнер, спорт мектептері, шығарамашылық орталықтары, жас техниктер мен туристер станциялары және т.б.;

  • жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;

  • білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер.

Ұйымдасу – құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік, муниципиалды және мемлекеттік емес (жекеменшік, қоғамдық мекемелер мен діни ұжым оқу орындары) болуы мүмкін.
Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай әрқилы білім алу формалары: оқу орнында (күндізгі- сырттай (кешкі), сырттай оқу формалары), отбасылық оқу формасы, өзіндік оқу, экстерн оқуы.
Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару – республикалық, облыстық, аудандық – органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары – білім және ғылым министрлігі, облыстық оқу департаменттері және аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.
Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына төмендегідей міндеттер жүктеледі:

  • білім бағдарламалары мен стандарттарын дайындау, стандарттар негізі білім бағадрламаларын міндетті білімнің ең аз педагогикалық ықшамдалған (минимум) көлемін, оқушыларға арналған оқу жүктемесінің ең жоғары (максимум) ауқымын, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды белгілейді,

  • оқу мекемелері оқушыларды аккредитациялайды және аттестациялайды;

  • білімдік құрылым бірліктерін қалыптастырады;

  • білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді және болжастырады;

  • білім жүйесіндегі бюджеттік және қаржылық қызметтерді, ҚР заңдарының орындалуын қадағалайды;

  • бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тәуелділігінен босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық мамандар және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен әлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет