Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


Білім беру – жалпы адамзаттық құндылық



бет37/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Білім беру – жалпы адамзаттық құндылық.
Білім беру саласындағы шетел тәжірибелерін оқып-үйрену табыстарға қол жеткізудің басты шарты білім беру философиясының дамуымен және осы философиялық көзқарастардан педагогикалық теория мен тәжірибеге «кірігумен» байланысты екенін көрсетіп отыр. Педагогиканың алдында тұрған адамға, оның дамуына бағытталу, гуманистік дәстүрлерді жаңғырту міндеттері бүгінгі өмір талабынан, осыған сәйкес педагогиканың жаңа философиялық әдіснамасы – білім берудің гуманистік философиясын дамытудың қажеттігі туындап отыр.
Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа, өзіне) көзқарасы теориялық және практикалық тұрғыда қалыптасады. Адам іс-әрекетінің, таным процесінің құндылық бағыттарын заман талабына сай гуманистік тұрғыда өзгертудің теориясы мен практикасы педагогикалық жағынан негіздеу, олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді аксиологиялық (грекше Axia - құндылық және logos – ғылым) әдіснама жүзеге асырады. Бұл әдіснама бір жағынан адамның қажеттіктерін құндылық тұрғысынан қамтамасыз етуді зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.
Ғылымда бұл құндылықтарды 3 топқа біріктіреді:

  • әлеуметтік педагогикалық құндылықтар;

  • топтық педагогикалық құндылықтар;

  • жеке педагогикалық құндылықтар.

Әлеуметтік пед. құндылықтар – қоғамдық сананың әлеуметтік жүйеде қалыптасатын құндылықтарын сипаттайды. Оған білім беру саласындағы қоғамның жұмысын реттейтін идеялар, нормалар, ережелер, дәстүрлер, ұғымдар жатады.
Топтық пед. құндылықтар – белгілі бір білім беру мекемелерінде (институттарында) жүзеге асатын педагогикалық қызметті реттеп, бағыттайтын идея, тұжырымдама, ережелерді белгілейді.
Жеке пед. құндылықтар. – «Мен» жүйесіндегі мақсат, қызығушылық идеал, мұрат т.б. жеке тұлғаның дүниетанымдық қасиеттері мен ерік-жігерлік, сезімдік, танымдық компоненттерінің жиынтығынан тұрады. Жеке пед. құндылықтарға педагогикалық қызмет субъектісі мұғалімнің жеке құндылықтар жүйесі де кіреді. Бұл жүйеге:
- тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортадағы өз орнын табуына бағытталған құндылықтар (педагогикалық қызметтің қоғамдық мәні, ортадағы абыройы, басқалардың құрметтеуі т.б.);
- қарым-қатынас қажеттігіне байланысты құндылықтар (балалармен, әріптестерімен, басшылармен қарым-қатынасы, балаларға махаббаты және сүйіспеншілігі, рухани құндылықтармен бөлісуі т.б.);
- шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған құндылықтар (кәсіби-шығармашылық қабілетін дамыту, әсемдік мәдениеттен сусындауы тұрақты түрде өзін-өзі жетілдіру т.б.);
- өзін-өзі көрсетуге бағытталған құндылықтар (мамандықтың шығармашылық сипатын ашу, романтикасына берілу, қызығу, қажет адамдарға көмек беру мүмкіндігі т.б.);
- прагматикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін құндылықтар (мемлекеттік қызмет атқару, еңбек ақысы, демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсі мүмкіндігі т.б.).
Аталған педагогикалық құндылықтардың ішінен пәннің мазмұнынан туындайтын төмендегі құндылықтарды да бөліп көрсетуге болады:

  • өзін қамтамасыз етуге бағытталған құндылықтар (мақсат құндылықтарын белгілейді);

  • құралдық құндылықтар (педагогикалық іс-әрекет, коммуникативтік іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде танытатын іс-әрекеттер);

  • қарым-қатынас құндылықтары (кәсібіне қарым-қатынасы, өзіне қарым-қатынасы, яғни қазіргі – «мен» - ретроспективті – «меннен» - идеал – «менге», оны үйреншікті «менге» айналдыру, маман – «менге» жету диалектикасы;

  • жеке қасиетке байланысты құндылықтар (коммуникативтік, шығармашылық, түсінушілік, ақыл-ой, құрастырушылық, болжампаздық, белсенділік т.б. қабілеттер;

  • біліміне байланысты құндылықтар (теориялық білімі, оны тәжірибеде қолдану іскерліктері, соған байланысты ізденісі, жаңашылдығы т.б.)

Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғатымен, бір-бірімен байланыстылығымен, бірінен-бірі туындайтын тұтастығымен ерекшеленеді.
Білім беру – барлық қоғам мен индивидтер өмірінің ажырамас бөлігі ретінде танылған әлеуметтік құбылыс. Әлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім, ең алдымен, қоғамдық құндылық болып табылады. Әрбір қоғамның адамгершілік, интелектуалдық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді.
Педагогикалық процесс - негізгі іс-әрекет мақсаты білім беруге (оқыту мен тәрбиені бірлікте қарастырған) бағытталған біртұтас динамикалық жүйе, мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
Бастауыш мектептегі біртұтас педагогикалық процесс жүйе ретінде оқушы тұлғасының қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары: адамзат тәжірибесін меңгеру баланың өзінің белсенді шығармашылық әрекеті негізінде ғана мүмкін болады: тұлғаның дамуы әлеуметтену негізінде ғана, социумда жүзеге асады: ұстаздар мен оқушылар педагогикалық процесс барысында бағытталған, бірлескен және әрқайсысы өзіне тән іс-әрекетке түсіп, әрқайсысы өз бағытында жетістіктерге жетеді т.б. Осыдан педагогикалық процестің басты қағидалары туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет