ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы - // Егемен Қазақстан, 1993, 5-ақпан;
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесінің тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 12-қыркүйек 1995 ж.;
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы – Алматы. Қазақстан, 1994;
Хуторской. Педагогика. М., 2001. 12 жылдық білім беру // № 2-3, 2004 ж.
Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.
Жер — ырыстың кіндігі, білім — ырыстың тізгіні.
(халық мақалы)
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы Бала дамуына әсер ететін факторлар Белсенділік, оның ролі Бұл тақырыпты оқып – зерттеу үстінде сіздер: Дамудың жас және жекелік ерекшеліктерімен танысасыз.
Адамның генетикалық негізі, тұқым қуалау арқылы қандай нышандар берілетіні туралы; адамның дамуына туа берілген және өмір сүру барысында қалыптасқан ерекшеліктердің әсері жайлы;
Адамның табиғи қабілеті мен таланты туралы түрлі пікірлермен танысасыздар;
Адамның дамуындағы өзінің белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеуінің маңызын анықтайсыздар;
Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері мен құрылымын қарастырасыздар және өзін дамыту бағытындағы іс - әрекеттер, әдістер туралы білімдеріңізді
толықтырасыздар.