Ақыл - ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі әр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикасының анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушының ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндурді айтамыз.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты негізі. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың жеделдамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн
Ақыл - ой тәрбиесінің ұғымдары
↓
Зер салып ойлау
Ақыл - ой күштері
Ойлау – бұл заттар мен құбылыстар арасындағы табиғи байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау таным процесіндегі күрделі процесс. Ал таным дегеніміз бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ол барлық адамдарға тән туынды түсінік.
Ойлау түрлері
↓
Нақты логикалық ойлау
Жинақтай ойлау
Индуктивті ойлау
Абстракт логикалық ойлау
Алгоритмдік ойлау
Дедуктивті ойлау
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс - әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой - пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл - ой күштері деп атайды. Ақыл - ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл - ой күштері
↓
Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері
Ойлау іс әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау → Негізгі ойлау операцияларын меңгерту
Зиялылық біліктерді қалыптастыру → Дүниетанымды қалыптастыру
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен рөл ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс - әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс - әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама - қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір - бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Жіктеу араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажырату.
Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту.
Ақыл - ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.
Ақыл - ой еңбегінде оқушылардың мәдениеті оқулықтармен, ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, жұмысты жоспарлау, коспектілеу, қысқаша желісін дайындау т. б.
Оқушының өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты болу; қиыншылықтарды жеңу; ақыл - ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану – логикалық, моторлы және көз қапері; бақылау, жазып алу т. б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін - өзі ұстай білуіне жан - жақты сауаттылығына байланысты.
Үйге тапсырма:
Лекцияны толықтыру
Сұрақтарға жауап беру
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз не?
Ойлаудың түрлері қандай және анықтамалары
Ақыл-ойтәрбиесінің міндеттері
Ақыл, білім туралы мақал-мәтелдер жазу
Достарыңызбен бөлісу: |