«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулі
Заманымыздьң заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Осы сөздерді басты назарға ала отырып, өзім Кембридж тәсілі бойынша оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолданудың ұтымдылығын сабағымда анықтауға тырыстым
Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болады. Осы диалогтік оқытуды сабақ барысында тиімді қолданғанда оқушылардың тақырыпқа сай өз ойларын еркін сөйлеуіне, өзіндік түйінді идеялары бар жек тұлға болып, дамуына көмекеседі, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, топта және жұпта талқылап, сұхбаттасып, арнайы фактілермен дәлелдеп, ортақ шешімге келулері, сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы олардың өмірінде ерекше орын алатындығын жақсы түсіндім. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл ол - топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігін және іс-тәжірибемде оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаларын қолдану жақсы нәиже беретіндігін түсіндім.Осы орайда жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» әлеуметтік –сындарлылық көзқараспен тығыз байланысты деген яғни, сабақтарда белгілі бір құбылыстар туралы бастапқы түсініктер береміз, ал сол құбылыс туралы егжей- тегжейлі білім алуға, іздеуге, білуге, жинауға, зерттеуге, қолдануға оқушының өзін, өз бойында білім мен түсінік, сана қалыптастыруға мұғалім көмектесуі тиіс.
Баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуына, рухани бай тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау үшін оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту мақсатында 7 модульдің ішінен «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулін таңдадым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде осы жаңа тәсілдерді қолдануда тізбектелген сабақ топтамасына жоспар құруда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль негізінде «диалогтік оқытудың маңызы» деген бағытын басшылыққа алдым.
Осы диалогтік оқытуды сабақ барысында тиімді қолданғанда оқушылардың тақырыпқа сай өз ойларын еркін сөйлеуіне, өзіндік түйінді идеялары бар жек тұлға болып, дамуына көмекеседі, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, топта және жұпта талқылап, сұхбаттасып, арнайы фактілермен дәлелдеп, ортақ шешімге келулері, сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы олардың өмірінде ерекше орын алатындығын жақсы түсіндім. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, бірден бір тәсіл ол - топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігін және іс-тәжірибемде оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаларын қолдану жақсы нәиже беретіндігін түсіндім. Осы орайда жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» әлеуметтік –сындарлылық көзқараспен тығыз байланысты деген яғни, сабақтарда белгілі бір құбылыстар туралы бастапқы түсініктер береміз, ал сол құбылыс туралы егжей- тегжейлі білім алуға, іздеуге, білуге, жинауға, зерттеуге, қолдануға оқушының өзін, өз бойында білім мен түсінік, сана қалыптастыруға мұғалім көмектесуі тиіс. Енді өткізген төрт сабақтарыма тоқталатын болсам, мектептегі практика кезінде 7«а» сыныбын зерттеуге алдым. 7-сыныптағы «Физикалық шамалар, физикалық құбылыстар» тақырыбында оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, күндегі дәстүр амандасудан бастадым. Бұл сабақты өкізбес бұрын ынтымақтастық атмосфераны орнату үшін оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Шаттық шеңберін» құрып, бір – біріне сәттілік тілектерін ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне білдірді.
Бұл тренингте оқушылардың белсенділігі төмен болды. Себебі бұл оқушылар биылғы оқу жылында әр мектептен келген және оларда адаптация болып жатыр деп ұйғардым. Сабақты мозайка әдісі бойынша суреттерді құрастыра отырып топқа бөлінді. Топқа бөліну бөлу кезінде суреттерді құрастыра ойлау және сөйлеу, әңгімелесу арқылы жүзеге асты. І топ—физикалық құбылыс, ІІ топ—физикалық аспап, ІІІ- физикалық шамалар болды. Сыныпта оқушылар өздерін еркін ұстауы өте жақсы болды. Бірақ, топта ереже құрған кезде оқушылардың арасында бір – бірімен келіспеушіліктер байқалды. Әр топ өздерінің құрған топ ережелерін жақсы құрылған екендіктерін айтып, өз пікірлерін жеткізіп, шулап жатты. Мен осы жағдайдан шығу үшін: әрбір топтың құрылған ережесінен жақсы дегендерін алып, оқушылармен бірге талқылау, әңгімелесу арқылы төмендегідей топ ережесін құрық және мен оларға әдемі жылы сөздер айта отырып күндегі сабақта әр топқа ауысып отыратынына ескерту айтып бір жүйеге келтірдім.
Топ ішінде оқушылардың ережесі төмендегідей болды.
1.Бір-бірін сыйлау;
2.Бірі-бірінің жауабын тыңдай білу,
3.Пікірді түсінікті, нақты айту;
4.Академиялық шындық,әділетті болу;
5.Белсенді болу;
6.Бір- біріне көмектесу; т.б.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын топқа берілген суреттер арқылы қандай екенін әр топ оқушылары суретке назар аудара отырып тапты. Сосын бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушылар тапқаннан кейін, осы тақырыптан не білгілеріңіз келеді? деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірдім. «Оқулықпен жұмыс» тапсырмасында, ашық сұақтарға оқушылар өздері жаңа сабақты меңгеруге мейлінше тырысып орындады, бірақ топ ішіндегі кейбір оқушылар берілген тапсырмаға ондай белсене қатыспады. Себебі мұндай сабақ түрі алғаш болғандықтан шығар. Өз беттерімен жаңа материалды меңгеріп, жұпта және топ ішінде талқылауын бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді жеке түсініп оқып, дәптерге негізгілерін түртіп алды. Содан кейін пікірлерін жұппен, топпен бөлісіп отырды. Негізгі қорытындыларды топтың ішінде ортаға салды. Ойларын ортақ плакаттарға түсірді.Мен өзім сол үш топтың ішіндегі үш А, В, С деген оқушыны бақылауға алдым. Осы балаларды топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс барысында қадағаладым. А деген оқушы талантты, өзінің көшбасшы екенін дәлелдей білді. Барлық жұмысты өзі атқарып қана қоймай тобына үнемі көмектесіп отырды. Ал, В. болса мінезі салмақты, белсенділігі орташа оқушы сабаққа қатысқанымен сыныптастарына көмегі аздау болды. С деген оқушының үлгерімі төмен, топқа бөлінгенде араласуы басында қиынға соқты. Бақылаған кезімде оқушыға қызықсыз болған сияқты. Келесі сабақтарда осы оқушыны қалай да болса, бір сатыға дейін көтеруге тырысуды алдыма мақсат етіп қойдым. Әр топқа берілген тапсырманы орындаған кезде әр топ өз ойын айта білді. Әр топ жұмыстарын постермен алып шықты.
Менің өз іс-тәжірибемде байқағаным диалогтік оқыту бағдарламасының басқа модульдермен тығыз байланыста екенін түсіндім. Себебі әр топ оқушыларымен әңгімелесу барысында СТО модулінің Джиксо стратегиясы арқылы тілдік қатынас жүрді. Әр топқа берілген сұрақтарды бір-бірлерімен талқыласа отырып, бір-бірлерін тыңдауы және сөйлеуі арасында коммуникативті байланыс анықталды.
Атап айтатын болсам, І топ-қа—Заңдарды ашу үшін құбылысты туғызатын себеп не және оның салдары қандай?
ІІ топ-қа Уақытты қандай құралдардың көмегімен анықтаймыз және неге сағатпен?
ІІІ топ-қа Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірінен салыстыра сипаттау үшін не қолданамыз? –деген сұрақтар берілді.
І топ ішіндегі А оқушы шапқан аттың, ұшқан құстың және тасбақаның қозғалыстарын салыстыра отырып, дененің құлауы жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайтындығын және жылдың төрт мезгілінің ауысуы жердің күнді айнала эллипис бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріп, әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп ұтымды жауап берді.
Ал екінші топтан С деген оқушы уақытты сағатпен өлшейтінін және уақытты тоқтату мүмкін еместігі таралы айтты. Мен бұл оқушының сыныпта басқа оқушылармен қарым-қатынас жасамайтынын, өзімен-өзі үндемей отыратынын және мінезі тұйық екен байқадым. ІІІ топтан—В деген оқушы бұл денелердің қозғалысын салыстыра отырып, үш түрлі термин қолданылатынын. Ол бірі—уақыт, екіншісі— жүрілген жол, үшіншісі—жылдамдық екенін атап өтті.Бұл тапсырманы оқушылардың сәті орындағанына іштей риза болдым. Бұл сабағымды қорытатын болсам, менің көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Өйткені әлі де оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолдануға толық бейімделмеген, топпен жұмыс істегенде оқушылардың арасында түсінбеушілік болды, бір-бірінің жауаптарын зер салып тыңдаған жоқ және уақытымның жетіспеушілігі де себеп болды. Кері байланыста сабақтың ұнағаны бұрынғы сабақтарға қарағанда өзгеше жалықтырмайтынын, болашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе туралы жазылыпты.
Екінші сабақтың тақырыбы: SI халықаралық бірліктер жүйесі. Сандардың стандарт түрде жазылуы. Сабақты атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында және де сергіту сәтінен бастадым. Оқушылар өте жақсы қабылдады. "Біз екеуміз ұқсаспыз" деген тренинг арқылы мен оқушыларымның бұрын білмеген қырларын, қасиеттерін білдім. Мәселен, Б өзіне Т-ды ұқсатады екен, мінездері тұйық, және екеуіде көк түсті ұнатады, ал Г мен Ш-ң туған жылдары мен күндері де бірдей екен. Ә мен Т келер болсақ ол екеуінің бойлары ұзын,әрі туыс, яғни рулас болып шықты. Ғ мен М аналары бір жерде жұмыс жасаса, Н мен А аяқ киімдері бірдей екен. Осындай тренингтерде оқушылар өздерінің ұқсас жақтарын анықтауда бір-бірінен аса түсіп, қайталанбайтындай етіп тапқырлық көрсетті. Сабақта психологиялық көңіл-күй орнағаннан кейін оқушыларды жұпқа бөлдім. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында жабық сұрақтар қою арқылы «ия, жоқ» ойынын қолдандым. Бұл сұрақтарға оқушылардың көпшілігі дұрыс жауап берді. Жаңа тақырыпты анықтау үшін әр жұпқа, оқушылардың ойын жинақтауға, тез ойлауға негізделген логикалық тапсырма, яғни бір-бір сұрақтан берілді.
—Егер n бүтін теріс болса, онда 10-n саны қандай санды білдіреді? Мысал келтір
2жұп—10о саны нені білдіреді?
3жұп—Егер n бүтін көрсеткіштер болса, онда 10n , 10m түріндегі екі санды қалай бөлеміз?
4 жұп—Сандардың ықшам түрі дегеніміз не? Мысал келтіріңдер?
5 жұп—Ықшам түрде жазылған екі санды қалай көбейтіп, бөлуге болады?
Бұл сұрақтарға «ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы бойынша, оқушылар жауап берді. Бұл тапсырманың негізгі мақсаты жұппен ақылдасу, ойларын жинақтау, пікірлерін сынып алдында ашық жеткізу болып табылады.
Мен бұл тапсырма бойынша сөйлейтін оқушыларды стикер көмегімен зерттеуге алған үш оқушыны таңдадым. Бұл оқушылар өз жұптарында берілген сұрақтарға жауап берді. А оқушының көшбасшылық қабілеті жоғары болғандықтан, берілген сұраққа сыныптастарына егжей- тегжейлі түсіндірді. В болса берілген тапсырманы сыныптастарына жеткізе алды, бірақ бұл оқушы уақыттың талқылауға жетпей қалғанын айтты. С оқушы сабаққа қатысуы төмен оқушы болса да бірінші сабаққа қарағанда екінші сабақта белсенділік танытты. Өзіне берілген тапсырманы түсіндіруге тырысты. Толық жеткізе алмаса да өзінің түсінгендерін айта білді. Жұп болып отырған оқушыларға жаңа тақырыптарға байланысты, оқушылардың ойын дамытатын, деңгейлік тапсырмалар бердім. Мен бақылаушы ретінде сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетіне бағы-бағдар беріп отырдым. Осы деңгейлік тапсырмалар берген кезде, оқушылардың ойлау деңгейі байқалып жатты, кей оқушылар қиналды. Ал А деген оқушы өзінің тапсырманы орындағанын айтып, ол үшін бұл тапсырманың оңай екенін, тағы да тапсырма беруін өтінді. Сол кезде осы оқушының оқу деңгейі басқа оқушыларға қарағанда жоғары екенін байқадым. Дәл осы сәтте өзімнің қателігімді түсіндім: мен күрделі есептерді немесе сұрақтарды дайындап қоюым қажет еді. Өйткені, осы оқушының деңгейі жоғары екенін байқадым. Келешекте қателігімді дұрыстауға тырысамын, деңгейі жоғары тапсырмаларды, сұрақтарды алдын ала дайындап қоямын дегенді ұстаным етіп қойдым. В деген оқушының белсенділік қасиеті жақсы, пәнге қызығушылығы артты деп ойлаймын. Себебі қасындағы оқушымен жақсы қарым-қатынасқа түсіп, ол оқушыға көмектесіп отырды. Жұп болып орындаған тапсырмалардың критерілерін тақтадан көрсеттім. Сосын бұл жұп болып орындаған есептерді, келесі жұптарға беру арқылы әр жұп өздерінің жұмысын бағалады. Бұл тапсырмада оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Сабақ соңында өздерін-өздері бағалаған кезде С деген оқушы өз-өзіне қойған бағасы төмен екендігін жазыпты. Оның айтуынша, егер жанындағы дарынды баладан көмек болмаса, ешқандай сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтты.
Менің өз тәжірибемде диалогтік оқыту толықтай дерлік әсерін тигізді деп ойлаймын. Диалогтік оқыту барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы өзгерді. Кері байланыс парағында оқушылар сабақ ұнағанын жазған, бірақ кейбір оқушылар оқушылардың шулауы кедергі болғанын жазыпты. Бұл сабақ менің ойымша орташа деңгейде өтті деп ойлаймын. Оқушылар топтық тәртіпке әлі де үйрене алмады. Олар өзара сөйлеуге таласып, бірін-біріне түсіндіріп жатты. Дегенмен, диалогқа түсе отырып, жаңа тақырыптың мазмұнын жан-жақты ашуға тырысты.Әрі қарай қызықты сабақтарды түрлендіріп өткізу үшін маған көп іздену қажет. Мен осындай сабақтары түрлендіріп өткізсем оқушыларым ең талантты, ең дарынды, сөздік қоры мол дамыған оқушылар болатынына сенімдімін. Бір қуантатын жағдай оқушыларға сабақ өте ұнады. Оқушылар тарапынан тағы да осындай түрде сабақ өткізу туралы ұсыныстар ұсынылды. Келесі сабақта мынадай жағдаяттар жібермеуге тырысамын: топтың ережесін әрбір сабақта қатаң сақтауды.
Үшінші сабақ: «Физикалық шамаларды өлшеу. Бөлік құны». Практикалық жұмыс. Оқушыларды топқа бөлуді әр түрлі түстер арқылы және топқа бөлген кезде диалогтік оқытудың «мүғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» тәсілі арқылы жүзеге асырдым. Әр топ өз топбасшысын өз еріктерімен таңдап алды да, таңдап алған себептерін ауызша айтты.
1 тапсырма: сызғыштың, мензурканың, секундамердің, яғни аспаптардың бөлік құндарын және көрсетулерін анықтап, кестеге толтыру.
2 тапсырма: Өз сызғышыңның бөлік құнын анықта?
3 тапсырма: Үйде жататын немесе кабинеттің ұзындығы мен енін өлшеуіш таспамен өлшеп, ауданын табыңдар?
Әр топ басшысы орындалатын тапсырмаларды әр оқушыға міндеттерін бөліп берді. Тапсырма бойынша барлық оқушылар өздеріне берілген тапсырмаға байланысты ізденіп ақпарат алып келіп, құнды ойларды ортаға салып, сол ақпараттарымен топпен бөлісіп, тапсырмаларды орындады. Осы тапсырма арқылы мен оқушылардың бойында сыни тұрғысынан ойлау, бір-бірімен қарым-қатынасты жақсарту, білімге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында беріп едім. Топта оқушылар тапсырманы орындау барысында көшбасшы тез анықталып тапсырманы орындау ретін басқа оқушыларға түсіндіріп жатты. Мен олардың жанына барған кезде ыңғайсызданды, мен оларға бағыт –бағдар беріп отырдым.
1 топтағы оқушылардың арасында тұйық оқушы С-ның осы сабақ барысында сабаққа деген қызығушылығы артқанын байқадым. Топпен араласып, әр түрлі жұмыстар атқарып жатты. Көшбасшы осы оқушыға мензурканың бөлік құнын анықтауды талап етті. Топ тапсырмасын қорғауға шыққан сәтте С. тақтаға шығып сөйлегеніне қобалжыса да, барлық берген тапсырманы қалай орындағанын айтып берді. Бұдан менің байқағаным мұғалімнің айтқанынан оқушылар бір-бірлеріне айтып жаттатқаны оқушының оқуына көп ықпал етеді. Жұмыстарда оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланғанын байқадым.
Төртінші сабақ: Демонстрациялық эксперименттер. Өлшеу қателіктері. Оқушыларды топқа бөлуде 1,2,3 сандарын санау арқылы үш топқа бөлдім. Әр топқа өлшеу қателіктерін анықтау мақсатында демонстрациялық эксперименттер орындады. Бұл тапсырмаға оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етті. «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулі жалғасын тапты. Осы модулдің диалогтік әдіс-тәсілі бойынша өлшеу қателіктерін топта талқылау арқылы есептеп,бір оқушы келесі топқа түсіндірді. Сабақ соңын сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмысын каһооt бағдарламсымен алдым.
Тест жұмысының жауаптары интербелсенді тақтада берілді.Оқушылар жеке болып, тест сұрақтарына жауап берді.Өткізген сабақтарымдағы сынып оқушыларынының дамуы тақырып бойынша өз ойларын айтуына мүмкіндік берді, олардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектесті.
Қорыта айтқанда, диалогті оқыту модулі - түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларды пайдалана отырып, сұрақ қойғаннан кейін уақыт беру немесе кідіріс жасау арқылы оқушының ойлануына, ойын жинақтауына, оны жеткізуде тіл байлығын арттыруына үлес қосты. Бұл орайда бағдарламаның «диалогтік оқытудың маңызы оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Диалогтық оқыту», Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39 бет.
2. «Диалогтық оқыту», Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40 бет
3. «Диалогтық оқыту», Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40 бет
Достарыңызбен бөлісу: |