Адам өмірге келді!
Кіп-кішкене, әлсіз, дәрменсіз адам баласы үлкен өмірге келді.
Бұл адам өмірге өзімен бірге не әкелді?
Оның бойында не бар?
Оның бойында тұқым қуалау арқылы берілген нышандар бар. Олар дамып, өсіп келе жатқан адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Бұл қасиеттер оны өзге адамдардан ажыратуға негіз болады.
Сөйтіп, адам тұқым қуалау арқылы анатомиялық-физиологиялық құрылымдық (Homo Sapiens) адам индивиді ретінде ерекшеліктерді, нышандарды иемденіп өмірге келеді. Нышандар – сөйлеу, тік жүру, ойлау, еңбек етуге бейімдіктері.
● Дене ерекшеліктері тұқым қуалау арқылы беріледі: сыртқы түрі – белгілі бір ұлтқа тән ерекшеліктер – терісінің, шашының, көзінің түсі, формасы, бет-әлпеті, дене бітімі, нерв жүйесінің құрылымы;
●Физиологиялық ерекшеліктер: организмдегі белоктар, қанның резус факторы, группасы, зат алмасу формасы, т.б.
● Организмнің кемістіктері: («қоян ерін», «дальтонизм», «көп саусақтылық» т.б.) кейбір ауруларға бейімділік: гемофилия, шизофрения, қант ауруы, эндокриндік ауытқулар (ергежейлі) т.б. туа берілуі мүмкін , бірақ ол тұқым қуаламайды.)
Сөйтіп, біраз ерекшеліктерді мұра етіп алып, адам өмірге келді, демек, ол «Tavula rasa» - «таза тақта» емес, нені жазғың келсе, соны жазатын, бос ыдыс емес, сусынмен толықтыратын.
Адам өзінің ішкі ерекшеліктерін, өзінің белсенділігін негізге ала отырып, қоршаған орта, тәрбие ықпалына ыңғайланып, сонымен бірге өзін-өзі дамытуға, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзінің білімін жетілдіруге бағытталса ғана жеке тұлға бола алады.
Даму – адам организмінде және психикасында болатын сандық және сапалық өзгерістердің жүруі және нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адам - өзіне тән құрылымы бар тіршілік иесі. Индивид – тұлғалық және даралық дамудың алғы шарттары болып табылатын психологиялық, физиологиялық қасиеттері бар түрдің, тұқымның өнімі.
Жеке тұлға саналы іс-әрекет пен қарым-қатынас субъектісі, қоғамның мүшесі.
Даралық – индивидтің психикасының қайталанбайтын өзіндік ерекшелігін бейнелейді.
Жеке тұлға дамуы проблемалары Я.Н.Коменский, Д.Дистервег, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Б.П.Блонский, В.В.Давыдов т.б. еңбектерінен көрініс тапқан.
Тұлға дамуында төмендегі заңдылықтар басшылыққа алынады:
тұлға дамуының ішкі және әлеуметтік жағдайлармен байланысы;
дамудың адамның өзінің белсенділігімен байланысы;
дамудың жетекші әрекетпен байланысы;
дамудың іс-әрекет мазмұнымен байланысы;
дамудың жыныстық, жас, жеке ерекшеліктерімен байланысы;
дамудың көп факторлылығы.
Тұлға дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – тұқымқуалаушылық, яғни тектілік. Бұл – атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерекшеліктер. Генетика – адам дамуының нәсілдік бағытын зерттейді.
Тұлға дамуының келесі басты факторларының бірі – іс-әрекет. Іс-әрекет сипаты бойынша белсенді және енжар, бағдары бойынша танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнер, кәсіптік, мазмұндық ерекшелігі бойынша ойын, оқу, еңбек т.б. болып бөлінеді.
Іс-әрекеттің маңыздылығы сол әрекетте көрінетін тұлға белсенділігі, оның қызығушылығы мен қажеттілігінің даму деңгейіне де байланысты. Осы бағыттағы өзін-өзі тәрбиелеу баланы өз тәрбиесінің субъектісіне айналдырады.
Бала дамуына мего, макро, мезо, микро ортаның да ықпалы зор. Тәрбиелеуші ұжым қалыптастыру - тәрбиелеушінің негізгі мақсаттарының бірі. Ұжым теориясын негіздеп, қалыптасу кезеңдерін, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жолдарын ұсынған көрнекті педагог А.С.Макаренко болды.
Француз физигі Паскаль: «Оқушы шыны емес, ішін толтыратын, ол-жағылуға тиісті шырағдан».
Достарыңызбен бөлісу: |