|
Іске сәт!
Артық етпес білгенің
|
бет | 98/163 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 4,08 Mb. | | #96990 |
| Байланысты: 855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35Іске сәт!
Артық етпес білгенің...
Ата-аналармен әрекеттестікте ескеретін этикалық ережелер
Ата-аналарды не қызықтыратынын, олардың ата-ана жиналысына келу мүмкіндігін ескеріңіз.
Ата-анамен орнықты, қолайлы жағдайда сөйлесіңіз, жүре-бардым қарым-қатынастан қашыңыз.
Ата-ананың олардың өздерінің (баласының емес!) аты-жөнін біліп, сөйлесіңіз.
Барлық әңгімені өзіңіз айтып, оларды тыңдаушы ғана етуден сақ болыңыз. Мүмкіндігінше, серіктес болуға тырысыңыз, әңгіменің диалог түрін таңдаңыз.Тыңдай біліңіз.
Ата-ананың ізгі ниетін қолдаңыз. Әр баланың жақсы қасиетін тауып, соған сүйеніңіз.
Баланы да, ата-ананы да барлығының көзінше мақтаңыз, проблемалар туралы жеке сөйлесіңіз.
Егер ата-анаға жазбаша өтініш не хат жазсаңыз, ол сыпайы әрі өте қысқа, нақты болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|