«Сабақ барысындағы бағалау түрлері» тақырыбында өткізуді жоспарладым. Өткізген коучингтің мақсаты - бағалаудың түрлері туралы келесі түсініктерді тереңдетуге ықпал жасау: суммативті бағалау, формативті бағалау. Осы тақырыпта алған себебім - оқу түрлерінің оқу барысындағы маңыздылығын көрсету. Мұғалімдерге бағалаудың қандай мақсатта қойылу керектігін, оқушылардың өзін-өзі бағалауына критериалды бағалау жолын және күрделі құрылымды тапсырмаларды орындауды бағалауды көрсету болды. Бұл коучингте бірнеше стратегияларды көрсетуді жоспарладық. Ол теориялық білімді дамытуды, «Көбелек» стратегиясы арқылы мұғалімдердің бірін-бірі, жұпта және топта және арнайы құрылған критерийлер арқылы дескрипторлар, рубрикаторлар арқылы бағалауды ұсынуды жоспарладық.