Педагогтің Т. А.Ә. (болған жағдайда)



бет2/3
Дата20.11.2023
өлшемі423,46 Kb.
#191982
1   2   3
Байланысты:
Ұлы Дала перзенті

Сабақтың ортасы 25 мин

Отан деген не? (Оқушылардың пікірлері)
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы қандай ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Сөзжұмбақ

Сұрақтары:
1.Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған) 2.Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)
3."Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)
4.1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы) 5.1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды) 6.1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана) 7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау) 8.Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан) 9. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)


Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет