Іскерлік этикет: Іскерлік ортадағы мінез-құлық ережелері, мысалы, жұмыс орнында дұрыс қарым-қатынас, басшылар мен әріптестерге құрмет, сондай-ақ іскерлік кездесулер мен келіссөздер кезінде этикет.
Әлеуметтік этикет: Қоғамдық іс-шараларда, соның ішінде балда, қабылдауда және рәсімдерде өзін-өзі ұстау ережелері. Бұған жоғары қоғамдағы қарым-қатынас ережелері де кіруі мүмкін. Әдептілік ережелерін мансұқ көрген қоғам, сөз жоқ, өзінің түбіне жетеді. Әдептілік: турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз аяқтауға қарсы түру тілегі һәм ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілеті, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.
Әдептің анықтамасы:Әдептің қандай екенін анықтаудан бастаңыз. Әдеп-адамдардың басқалармен қарым-қатынасын реттейтін қоғамда қабылданған мінез-құлық пен нормалардың жиынтығын білдіреді. Олар басқаларға сыпайылықты, құрмет пен ілтипатты білдіретін әрекеттерді, ым-ишараны және сөздерді қамтиды.
Тарихи және мәдени перспективалар:Тарих бойында әдептілік қалай дамығанын және олардың әртүрлі мәдениеттерде қалай өзгеретінін зерттеңіз. Әртүрлі қоғамдарда жеке адамның мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуін қалыптастыра алатын өзіндік ерекше әдеп және этикет ережелері бар.
Даму кезеңдері:Балалық шақтан ересектікке дейінгі әдептілікке талдау жасаңыз. Бақылау, ата-аналар мен тәрбиешілердің нұсқауы және ресми білім беру арқылы балалардың әдептілікке қалай үйренетінін зерттеңіз. Мектептер мен оқу орындарының тәрбие берудегі рөлін қарастырыңыз.
Жеке дамудағы рөлі:Әдептілік жеке тұлғаның дамуына қалай ықпал ететінін зерттеңіз. Бұл мінез-құлық өзін-өзі бағалауға, өзіне сенімділікке және әлеуметтік дағдыларға қалай әсер ететінін қамтиды. Әдепті адамдарға оң қарым-қатынас орнату және оны сақтау оңайырақ болады.
Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын - өнеге, өсиет. Мысалы: Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды,нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтанда, біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, қорғаны - сабыр, жолдасы - кәсіп, қорғайтын қорғаушысы - мінез, бәрін тәртіпке реттейтін-әдептілік. Біздің халқымыз әрәркезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Сонымен, өз ниетің түзу болса, жылы сөз айтсаң, біреуге жақсылық жасасаң қайтып келеді. Бір әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайымда бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.
Әдептілік-күнделіті өмірде
Көпшілік орында сағыз шайнау, қарқылдап дауыс шығарып күлу, қоқыстарды көрінген жерге тастай салу, жасы үлкендерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, ұялы телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы басқа қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады (Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жіберу, өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болу, біреудің аяғын басып кетсе, сыпайы түрде кешірім сұрау, ал, егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуға бой алдырмау және т.б.).
Көшеде жүріп-тұрудың өз тәртібі бар. Аяқ киімнің тазалығы, шашының таралғандығы сырткөзге әдептілік айнасы іспетті. Келе жатып танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, онымен көшенің қақ ортасында тұра қалып сөйлеспеңіз. Танысын кездестіргенде әйел кісі жымиып танығанын білдіргені дұрыс. Ал, ер кісі ұзақтан арсалаңдап, қолын созып, амандасуға асықпағаны жөн. Қазіргі әлемді шарлаған коронавирус пандемиясы кезінде қол алыспай сәлемдесу өзінің ғана емес, өзгенің де денсаулығына зиянын тигізбеудің кепілі. Қоғамдық орындарда міндетті түрде бетпердемен жүру – аты жаман кеселдің алдын алуға қосқан әрбіріміздің азаматтық үлесіміз.
Ары-бері өтіп жатқан жүргіншілерге кедергі жасамас үшін кездестірген танысыңызбен көшенің бір шетіне шығып, амандық-саулық сұрасқан орынды. Әйел кісі ер азаматтың оң жағында жүреді. Жолды жауып, өзгелердің өтуіне мүмкіндік бермей жүру ерсі көрінеді. Бағдаршамнан өтерде міндетті түрде «жасыл көздің» жануын күтіңіз. Көшенің арғы бетіне кез келген жерден жолды қиып өту өз өміріңіз үшін қауіпті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жол (зебра) белдеуінен өткен дұрыс. Гүлзар бақты, көгалды жерді баспауды, көшедегі жарықшамдарын сындырмауды, саябақтардағы орындықтарға аяқ киіммен шықпауды, түкірмеуді және тағы да басқа жағымсыз іс-әрекеттерге бармауды отбасында үнемі айтып отыру – ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-ананың міндеті.
Қоғамдық көлікке кіргенде мүгедектерді, балаларды, егде адамдарды, әйелдерді алдымен өткізеді. Егер бір есіктен кіріп шығатын болса, әуелі адамдардың шығуына мүмкіндік беріңіз. Қоғамдық көлікте қатты сөйлеудің, тамақ жеудің ыңғайы жоқ. Түшкіргенде және жөтелгенде қол орамалды пайдаланып, ауызыңызды жауып отырыңыз. Вагон ішінде өзінің үсті-басын тәртіпке келтірмейді, тырнағын тазаламайды, құлағы мен тісін шұқыламайды, бет бояу немесе шаш жөндеу де жөнсіз. Газет оқығыңыз келсе, оны бүктеп оқыңыз. Көршінің оқып отырған газетіне, журналына үңілу, жолаушыларға қадала қарау әдепсіздік. Қатты күлу де орынсыз. Вагон ішінде үй іші мен қызметтегі істер жайында сөйлеспейді, өзгелердің әңгімесіне құлақ салмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |