Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик
ГРЛЗ педиатрия
0–10 балл аралығында бағаланады: 7–10 — жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ; 5–6 — жағдайы орташа, денсаулығында аздаған ауытқу бар; 3–4 — жағдайы нашар, денсаулығында айтарлықтай ауытқу бар; 0–2 — жағдайы өте нашар, сәби өмірі қатерде. Кешендік бағалау негізіне байланысты денсаулық топтары белгіленеді.
- ІІ-А топқа жататын балалар өз денсаулығы бойынша бірінші топтың балаларына жақын. - ІІ-Б топшаға дені сау балалар жатады, тек ұрықтық және жаңа туғандық кездерде қауіп-қатерлікке байланысты кейбір жағдайлар кездеседі, олар болашақта баланың денсаулығына әсер етеді. Бұл үлкен еңбектің туғандағы кішкентай көлемі, шала туғандық, босанудың мерзімі уақытынан асып кеткендік, "ірі" балалар, нәрестенің гемолиздық ауруы, гипотрофияның І дәрежесі, психикалық дамуы қалып қойған балалар, тубвиражды балалар, қан қысымы тез жоғарылуға не төмендеуге және пульс жиілігі өзгеруге жақын балалар, ас қорыту жүйесінің бұзылыстары бар балалар, жүрек-қан тамыр жүйесінің функциялық өзгерістері бар балалар,бірінші-екінші дәрежелі тіс жегісі бар балалар және т.б. жағдайлар. - Ү ш і н ш і топқа компенсация жағдайдағы созылмалы ауруы бар немесе тумастан біткен аурулары бар науқастар жатады. Бұл балаларда негізгі аурудың шиеленісуі сирек және жеңіл түрлерде өтеді де баланың жалпы жағдайы мен көңіл күйі өте өзгере қоймайды. Осы топқа жататын балалар жылына сегіз және сегіз реттен жиі әр түрлі интеркурренттік аурулармен ауырады, басқаша айтқанда олар ай сайын және тұрақты түрде жедел аурудың немесе созыңқы реконвалесценциялық жағдайда бола береді. жүктеу/скачать 4,78 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |