Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет2/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

Сыздауық
Қоршаған тіннің және май бездерінің түкті қапшығының жедел іріңді – некротикалық қабынуы (сыздауық) ересек жастағы балаларға тән. Аурудың қоздырғышы – стафилококк, фолликул қуысына еніп тереңге тарайды, түк қапшығының іріңді қабынуына әкеледі. Кейіннен процесс май бездеріне, қоршаған дәнекер тіндеріне өтеді. Сыздауықтың пайда болуының себепші әсерлеріне салқындау, авитаминоз, созылмалы аурулар кезіндегі организмнің қорғаныс күштерінің әлсіреуі жатады. Іріңденудің жалғыз ошағын фурункул, ал дененің әртүрлі бөлімдеріндегі көптеген ошақтарды фурункулез деп атайды. Бірнеше сыздауықтың қосылып кетуі немесе қабынудың бір сыздауықтан екіншісіне ауысуын сом (карбункул) деп атайды. Сом кезінде қабыну процесі тері асты май клетчаткасына және фасцияға өтеді.
Клиникалық көрінісі.
Балаларға аурудың ағымы жедел. Алдымен, терінің белгілі бір аймақтарында шаншу пайда болады (жиі жамбас, бел аймағы, аяғында). Екінші тәулікте қабыну себебінен инфильтрат түзіледі, ол конус түрінде тері бетінен шығып тұрады. Инфильтраттың төбесінде қара нүкте тәрізді іріңнің жиналғаны көрінеді. Терісі қызғылт түске боялады. Тері асты клетчаткасы борпылдақ жерлерде (ерін, маңдай, қабақ) қоршаған тін айтарлықтай ісінеді. Жергілікті жерде ауру сезімі орташа, қозғалыс кезінде және киіммен үйкелгенде күшее түседі. Сыртқы есту жолындағы, мұрындағы сыздауықтардың ағымы күшті ауру сезімімен жүреді. 3 - 7-ші тәуліктерде инфильтрат қалдықтарымен бірге бір түзіліс өзек құрайды (фурункул стержені).
Түзілген жара біртіндеп грануляцияланып, жазылады. Ісіну, инфильтрация жойылады, ал сыздауық орнында ақ түстес шамалы кіріңкі тыртық қалады. Баланың жалпы жағдайы бір сыздауық кезінде өзгермейді. Бірақ кейде сыздауық флегмонамен, лимфангитпен және аймақтық лифаденитпен асқынады. Олар әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы сияқты жалпы көріністермен бірге жүреді.
Беттегі сыздауық өте қауіпті, себебі бастың веналық және лимфатикалық торлары жақсы дамығандықтан инфекция жылдам тарайды. Кейде базальді менингит, септицемия және септикопиемия сияқты өлімге әкелетін асқынулардың болуы да мүмкін.
Емі. Қабыну процесінің сатысына байланысты. Егер инфильтрация және іріңсіз ісіну белгілері басым болса жергілікті жерге консервативті ем жүргізіледі. Зақымдалған ошақ айналасындағы теріні спиртпен өңдейді. УВЧ - терапия, ультракүлгін сәулелену тағайындалады.
Үйкелетін дене мүшелеріне (мойын, аяқ-қол, кеуде) емдік жабысқыш пластырь қолданған жөн. Әдетте осылай емдеу процестің жазылу ағымына әкеледі, іріңдемейді.
Ірің пайда болған кезде некрозды өзекті алып тастайды. Сыздауықтарды “сығу” дұрыс емес, өйткені тері асты май клетчатка терең зақымданады. Сыздауық өзегін 0,5 см тереңдікте сызықты немесе крест тәрізді тілу жасау арқылы алып тастаған жөн. Жара тазаланып, антисептикалық ерітінділермен жуылып, натрий хлоридінің гипертониялық 10% ерітіндісімен таңады. Жара іріңнен тазарғанша тәулігіне 1 -2 рет гипертониялық таңғыштар қолданылады. Кейіннен мазьді таңғыштарға ауысады. Жара толық жазылғанға дейін сутегінің асқын тотығын қолданып тазалау тиімді.
Жалпы көріністері айқын болса (әлсіздік, дене қызуының 38-39Ә-қа көтерілуі) емге антибактериальді дәрілерді қосады. Мұндай жағдайда науқасты ауруханаға жатқызған жөн. Сыздауығы бетінде орналасқан балаларды тез арада ауруханаға жатқызу керек.
Қайталанған жеделдеу, созылмалы ағымды сыздауық және фурункулезді емдегенде макроорганизмге әсер ететін тиімді әдістерді қолданған дұрыс. Балаларға В және С тобының витаминдерінің жоғары мөлшерін, пассивті немесе активті иммунизацияны тағайындайды.
Сомның емделуі тек хирургиялық: ірің ошағын сау тіндерге дейін корсет тәрізді тігілумен кең ашады, міндетті түрде некрозданған тіндерді алып тастап, дренаж қояды. Карбункулы бар науқастардың емі ауруханада.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет