Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


Баладағы жүре пайда болған жүрек ақауларының себептері



бет5/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

Баладағы жүре пайда болған жүрек ақауларының себептері
Жүре пайда болған ақаулар көп жағдайда мыналардың асқынуынан болады:

  • Жүректің зақымдалуымен ревматизмнің;

  • Қызыл жегінің, дерматомиозиттің, терінің қатаюының;

  • Көкірек қуысы аймағындағы жарақаттардың;

  • Хирургиялық оталардың;

  • Атеросклероздың. Аталған ауру кезінде тамырлардың қабырғасында түйіншектер қалыптасады. Бұл саңылаулардың тарылуына және жүрекке қанның келіп түсуінің бұзылуына алып келеді. Атеросклероз балалардағы жүре пайда болған жүрек ақауының себебі ретінде сирек кездеседі;

  • Тыныс алу жүйелерінің жіті инфекциялар – франгиттің, тонзиллиттің.

Барлық жүрек ақауы шартты түрде екі топқа бөлінеді:

  • «Көктер». Бұл көк тамыр қаның күретамырға ішінара түсуімен сипатталады. Сыртынан қарағанда бұл цианозды көрсетеді. Яғни мұрынның төменгі жағындағы терісі, ауыз айналасы, саусақтарының ұштары, көздерінің асты көгереді. Көк туа пайда болған жүрек ақауы ең қауіптісі болып саналады, өйткені ол оттек тапшылығына алып келеді. Аурудың бұл тобындағы ең көп тарағандары:

  • Тетрада Фалло. Аталмыш ауру түрінде аты айтып тұрғандай, төрт ақау анықталады. Әдеттегі жағдайда бұл – асқазанның оң жақ шығатын бөлігінің тарылуы (стеноз), оның ұлғаюы (көлемінің артуы), қарынша аралық қалқадағы ақау мен қолқаның жалпы нормадан ауытқып орналасуы;

  • Өкпе артериясының атрезиясы (бітелуі);

  • Ірі қан тамырларының транспозициясы (қолқаның жалпы нормадан ауытқып орналасуы).

  • «Ақтар». Жүректің оң жақ бөліктеріне қанның өтуі арқылы байқалады. Мұндай ақауы бар балалардың терісі солғын болады. Дәл осындай ақаулар дамудың ерте кезеңінде жұтаңдау болады, бірақ уақыт өте келе тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі күшейе береді.

Баладағы туа пайда болған жүрек ақауының белгілері


Ерекше симтомтикадағы ТПЖА жаңа туған сәбидің алғашқы күндерінде-ақ күрделі жағдайлар байқалады. Оны сәбидің терісінің көгеруінен, тыныс алуының қиындағанынан, анасының сүтін емуден бас тартуынан байқауға болады. Жүректі тыңдаған кезде шуыл естіледі.
Онша ауыр емес жағдайларда жүрек-қан тамырлары жүйесі құрылысындағы ауытқушылықтың белгілері сәбидің перзентханадан үйіне шығарылғаннан кейін-ақ білінеді. Туа біткен жүрек ақауын бар екенін келесі белгілер бойынша күдіктенуге болады:

  • Мұрын-ерін үшбұрышының және құлақтың көгеруі;

  • Тәбетінің нашар болуы немесе омырауды емуден мүлдем бас тартуы;

  • Жиі құсуы;

  • Әлсіздік, сылбыр болуы;

  • Ентігуі;

  • Салмақ қоспауы;

  • Жиіленген жүрек соғысы.

Кейбір кезде ТПЖА сәби өмірінің алғашқы жылдарында байқалады. Ондай балалар өз қатарластарына қарағанда дамуы жағынан артта қалып қояды, жиі ауырады, ал респираторлық инфекциялар асқынып, қайта-қайта талып қалуы мүмкін. Жүректің функционалдық жетіспеушілігін сондай-ақ, бастың айналуы, ауруы, әлсіздік, күйгелектік арқылы байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет