Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет40/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия


Шала туылу-
37 аптаға толмай мерзімінен бұрын және салмағы 2500г аз, ал бойы 45см төмен туылған балаларды айтады.
Дене салмағына байланысты шала туылуды 4 кезеңге бөледі:
I – 2001-2500 г;
II – 2000-1500 г;
III – 1500-1000 г;
IV – 1000 г және одан да төмен
Шала туылған нәрестелердің диагностикалық белгілері:
Бұлшық ет тонусы төмен, терморегуляция жетілмегендіктен дене температурасы өзгермелі -/Тыныс алу, ас қорыту, нерв жүйелері салыстырмалы нашар жетілген-/Көру жүйесі 22-34 гестациялық кезеңде жетіледі, сондықтан оларда көп уақыт көздері жабық болады-/Басы салыстырмалы түрде үлкен және бас сүйек жіктері жиі ашық-/Кіші және үлкен еңбектерінің көлемі үлкен, ал бас сүйектері түсіңкі-/Тері шелмай қабаты әлсіз етілген, денесі түкті, тырнақтары жетілмеген болуы мүмкін-/Кіндік сақинасы төмен орналасқан. Ер балаларда аталық бездің ұмаға түспеуі, ал қыздарда жыныс ернеулері жетілмеуі мүмкін-/Рефлекстері әлсіз, тез аяқталады, ал кей шала туылған нәрестелерде жұтыну және ему рефлекстері болмауы мүмкін
Қалыпты жағдайда дені сау жаңа туылған нәрестелерде анықталатын рефлекстердің болмауы:
Сору рефлексі
. Егер баланың аузына емізікті салса, ол белсенді түрде емеді. 1 жастың аяғына дейін жоғалады.
Бабкин рефлексі (алақан- ауыз). Баланың алақанын тенорға жақын үлкен саусақпен басқанда, жауап ретінде ауызын ашып, басын бұрады. 3 айға қарай жоғалады.
Ұстау рефлексі. Бала алақанын ұстағанда саусақтарын жұмады. Кейде баланы сол күйінде көтеруге болады. (Робинсон рефлексі). Бұндай рефлексті аяққа да жасауға болады, табанның негізін басса, башпайдың табандық бүгілуін шақырады. 2-4 ай соңына қарай жоғалады.
Моро рефлексі. Қатты дыбысқа жауап ретінде алдымен қолын екі жаққа жайып, саусақтарын жазады. Содан кейін қолын бастапқы қалпына келтіреді. 4 айға дейін сақталады.
Тірек рефлексі.Дәрігер баланы арқа жағынан қолтық астынан ұстайды да ,басын сұқ саусақпен сүйемелдейді. Осындай тұрған қалыпта бала аяғын жамбас-сан, тізе буынында бүгеді де, табанымен толық тұрады, еденде денесін тік ұстайды,2 айға қарай жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет