- Т ө р т і н ш і топқа субкомпенсациялық жағдайдағы созылмалы аурулары, тумастан біткен ақаулары бар, жиі ауыратын және психикалық дамуынан қалатын балалар жатады. Олардың жалпы жағдайы мен көңіл күі нашарлайды, барлық жүйелерінің және мүшелерінің өзгерістері белгіленеді.
- Б е с і н ш і топқа декомпенсация жағдайдағы өтіп жатқан ауыр созылмалы аурулары бар, ауыр түрлі тумастан біткен даму ақаулары бар балалар жатады. Осы топқа жататын балаларда морфологиялық, функциональдық өзгерістер тек ауыратын мүше емес, басқа мүшелерде және жүйелерде кездеседі. Осы топтын балалары мүгедектікке ұщырайды.
Рефлекс: Сору рефлексі. Егер баланың аузына емізікті салса, ол белсенді түрде емеді. 1 жастың аяғына дейін жоғалады.
Бабкин рефлексі (алақан- ауыз). Баланың алақанын тенорға жақын үлкен саусақпен басқанда, жауап ретінде ауызын ашып, басын бұрады. 3 айға қарай жоғалады.
Ұстау рефлексі. Бала алақанын ұстағанда саусақтарын жұмады. Кейде баланы сол күйінде көтеруге болады. (Робинсон рефлексі). Бұндай рефлексті аяққа да жасауға болады, табанның негізін басса, башпайдың табандық бүгілуін шақырады. 2-4 ай соңына қарай жоғалады.
Моро рефлексі. Қатты дыбысқа жауап ретінде алдымен қолын екі жаққа жайып, саусақтарын жазады. Содан кейін қолын бастапқы қалпына келтіреді. 4 айға дейін сақталады.
Тірек рефлексі.Дәрігер баланы арқа жағынан қолтық астынан ұстайды да ,басын сұқ саусақпен сүйемелдейді. Осындай тұрған қалыпта бала аяғын жамбас-сан, тізе буынында бүгеді де, табанымен толық тұрады, еденде денесін тік ұстайды,2 айға қарай жоғалады.
Бабинский рефлексі. Егер табанның сыртқы шетін штрихті тітіркендірсе, үлкен башпайдың жазылуымен басқа башпайдың бүгілуі болады. Екі жасқа дейін сақталады.
Галант рефлексі. Қырымен жатқан нәрестеге дәрігер үлкен және сұқ саусақпен паравертебральді сызықпен мойнынан жамбасына дейін жүргізеді. Терінің тітіркенуі кеуденің доға тәрізді бүгілуі. 4 айда жоғалады.
Шекаралық жағдай • Нәрестелік кезенде барлық жүйелермен мүшелердін. Бұл кезенге барлық жүйелер мен мүшелер, әсіресе орталық жүйке жүйесінің толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бүл кезеңнің ерекшелігіне, шекаралық жағдай деп аталатын, патологиямен шектесіп жатқан көптеген әрекеттік (функциялық) өзгерістер жатады.