Бейімделмеген қоспалар:
Сиыр сүтін сұйылтып дайындалады, сондықтан ана сүтінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Беймделмеген қоспаларға жана және құрғақ сиыр сүтінен жасалған қоспалар жатады. Бейімделмеген қоспалар: тәтті (сүт және кұғақ сүт) және ашы қоспалар (айран және оның түрлері) болып бөлінеді.
БАҚЫЛАУЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші: емшекпен емізу барысында баланың ана төсінен сорып алған сүт мөлшерін анықтау.
1.Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті құралдарды дайындау.
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.
4.Балаға памперс кигізу және жөргектеу. Ананы бала емізуге дайындау.
5.Таразыны дезерітіндімен өңдеп жұмысқа дайындау. Баланы өлшеп алынған қорытындысын тіркеу.
6.Баланы анасына 20 мин көлемінде емізуге беру.
7.Баланың салмағын қайталап өлшеу (зәрге және нәжіске отырса жөргекті ауыстырмаймыз).
8.Алынған қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінгі және кейінгі салмақтары).
9.Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.
10.Таразыны дезерітіндімен сүрту.
11.Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
12.Балаға бір реттік тамақтануға арналған сүт мөлшерін есептеу (көлемдік немесе каллориялық әдіспен).
13. Баланың сорып алған сүтінің мөлшерінің қажетті мөлшерге сәйкестігін бағалау.
34.Нәрестелердің денсаулық деңгейін бағалаудың ерекшеліктері. Нәрестелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, физиологиялық рефлекстері, шекаралық жағдайлары.
-Жаңа туған баланың бас айналымы орташа алғанда 34-36 см болады. Бірінші айлары және жылдары бала басы тез өседі, ал бес жастан кейін өсуі баяулайды. Бір жасқа дейінгі балалардың бас айналымын келесі формула бойынша белгілейді: алты айлық баланың бас айналымы 43 см, әр жетіспейтін айға 43 см-ден 1,5 см алып тастау керек, ал әр келесі айға 0,5 см қосу керек.
-2-15 жасар балаларға: 5-жасар баланың бас айналымы 50 см, әр жетіспейтін жасқа 50 см-ден 1 см алу керек, ал әр келесі жылға 0,6 см қосқан жөн.
-Кеуде айналымы дененің көлденең өлшемдері өзгерістерін анықтау үшін негізгі антропометриялык көрсеткіштердің бірі болып саналады. Ол кеуде қуысының даму дәрежесіне, көкіректегі бұлшық еттерінің және тері асты май қабатының дамуына байланысты көрсеткіш болып саналады.
-Нәрестенің бас айналымының өзгерістері баланың физикалық дамуының және патологиялық жағдайлар пайда болуының (микро-, гидроцефалия) көрсеткіші болып саналады. Бас айналымын см таспамен өлшейді, артқы жағында – шүйде бойынша, алдынғы жағында – қас доғасы бойынша.
-Жаңа туған баланың кеуде айналымы бас айналымынан 2 см кем, 4 айында екі көрсеткіштер теңбе тең, сонан соң кеуде айналымы бас айналымына қарағанда тез үлкейеді. Бір жасқа деінгі баланың кеуде дамуын келесі формула бойынша белгіленеді: алты айлық баланың кеуде айналымы 45 см, әр 6-ға дейін жетіспейтін айға 45 см-ден 2 см алып тастау, 6-дан кейінгі айларға 0,5 см әр айға қосу керек. Екі жастан он жасқа дейін: 63 см – 1,5 см∙ (п-10), п - баланың жасы. Он жастан кейінгі балалар үшін басқа формула қолданылады: 63 см + 3 см∙ (п-10), п– оннан асқан баланың жасы, 3 см – он жастан асқан бала кеуде айналымының орташа қосылуы, 63 см – он жасар баланың кеуде айналымы.
-Баланың кеуде айналымын өлшеу үшін см таспаны артқы жағында – жауырынның төменгі бұрыштарына, алдында – сүт безі үстіне.
-Жаңа туған баланың бойы 46-56 см арасында болады: орташа алғанда ер балалардың бойы 50,7 см, қыз балалардың бойы 50,2 см. Бірінші күндері баланың бойы шамалы қысқарады, себебі - басындағы туылуға байланысты пайда болған ісік ыдырайды. Бір жасқа дейінгі бала денесінің бойы келесі формула бойынша саналады: бірінші өмір тоқсанында - ай сайын 3 см, немесе 9 см тоқсанына, екінші өмір тоқсанында - 2,5 см ай сайын немесе 7,5 см тоқсанына, ІІІ өмір тоқсанында - 1,5-2,0 см немесе 4,5-6,0 см, IV өмір - 1 см немесе тоқсанына 3 см. Жылына баланың бойы жиырма бес сантиметрге өседі. Бір жасар баланың бойы 75 см. Қазіргі кезде баланың бойы 4 жасында екі есе өседі, ал 12 жасында 3 есе өседі. Екінші жасында бала бойы 12-13 см-ге өседі, ал үш жасқа таман бала жеті-сегіз см қосады.
-Баланың дене салмағын әдейіленген 25 кг жүктемелікті бала таразысында өлшейді. Әуелі таразыға салынған жөргекті өлшеп алады, күйентіні жабады, сонан соң өлшенген жөргек үстіне шешіндіріп баланы салады. Баланың басы және иықтары таразының кең жағына, аяқтары тар жаққа қаратылады. Салмағын өлшейтін адам күйентінің тап алдына тұрады, оң қолмен гірлерді ығыстырады, сол қолмен баланы құлаудан сақтайды. Салмақтын көрсеткішін жазып алғаннан кейін гірлерді «нөлге» қояды, күйентіні жауып, баланы таразыдан алады.
-Нәрестенің дене салмағы ер балаларда - 3500 г, қыз балаларда 3350 г. Салмағы 2500,0-граммнан кем балалар шала туған, ал салмағы 4000 граммнан асса - ірі балалар болып саналады.
-Туғаннан кейін бала салмағы шамалы азаяды (салмақтын физиологиялық кемуі), қалыпта ол 5-8% дейін жетуі мүмкін. Салмақтың физиологиялық кемуі нәрестенің қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты. Туғаннан кейін сұйықтық бала ағзасынан тері арқылы және тыныс алуға байланысты жойылады. Осымен қатар кіндік қалдығы кебеді, меконий мен зәр бөліне бастайды және бірінші екі күндер арасында баланың еметін сүт мөлшері өте аз болады. 8% астам салмақтың кемуі - патология болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |