Ана сүтінің биологиялық маңызы Уыз бен өткінші сүттіңкөптеген антигендерге қарсы иммунологиялық активтілігі бар, үйткені оның құрамында әртүрлі антиденелер болады. Ана сүтінің антигендік қасиеті жоқ, ал сиыр сүтінің белоқтарының атигендік қасиеті өте жоғары болып келеді. Егер баланы емізетін ананың емшегінде қалған сүтті сауып, ол сүт басқа балаларды тамақтандыруға қолданылатын сүт болса, ол донорлық сүт деп аталады. Бұл сүттің құрамы тасымалдау, өндеу, сақтау және басқа әсерлердің салдарынын өзгеріп, оның құндылығы төмендейді.
Донорлық сүтті жылтқанда, оның белогі денатурацияланып, витаминдер мен ферметтердің активтілігі төмендейді. Ал ұзақ уақыт сақтау бактериялармен ластану қаупін арттырады. Табиғи тамақтанатын балалар сирек ауырады,ауырса женіл ауырады. Ерте жастағы емшек еметін балаларда, жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда, өлім бірнеше есе сирек кездеседі.
Табиғи тамақтандыру техникасы: 1.Жеке гигиена ережелерін қатан сақтау
2.Алғашқы бірнеше тамшы сүтті сауып тастау керек
3.Алғашқы күндері анасы баланы бір жақ қырына жатып емізеді. Сәбидің аузына емшектің ұшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін сәл көтеріпи ұшын саусақпени үстап сәбидің аузына емшектің ұшын ғана емес айналасындағы терінің бөлігін салу қажет
4.Әйелге отыруға рұқсат береннен бастап ана баланы ана баланы бір аяғыныың астына кішкене орындық қоып отырып емізеді
5. Бала емізіп отырған ана өзі тыныш, демалып отырған жағдайда орналасуы керек
6. Емізіп болғанан кейін бірнеше тамшы сүтті сауып, емшекті сулықпен жауып кою керек
7. Емізіп болғаннан сон қалған сүтті сауып тастау керек
8. Емізіп болғаннан кейін міндетті түрде, баланы асқазанға емген кезінде кеткен ауа шыққанша тікесінен ұстап тұрады
9. Емізу ұақыты еш уақытында шектелмейді
Қосымша тамақ беру: Енгізу шарттары:
Жасы 5 айдан кем болмау керек
Аузына түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі
Ауызға түскен затты шайнауға бейімілігі
Тамаққа ұмтылуы
Ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.
Табиғи тамақтанып журген балаға басқа тамақты ерте беру қажет емес, өйткені ана сүті баланы баланы 5-6 айға дейін толығымен қоректі заттармен және энергиямен қамтамасыз етеді. Ерте берілген қосымша қорек, емдеудің қарқындылығын және жиілігін төмендетеді, ол сүттенуді азайтады. Сонымен қатар балаларда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар пайда болуы мүмкін.