Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет48/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

Бақылау.

Техникасы.
Дұрыс емізу белгілері:
- Ананың ыңғайлы орналасуы
- Баланың басы мен оның бүкіл денесін бірбеткей ұстау керек
- Беті ананың омырауына қарауы ал мұрны емшек ұшына қарсы тұруы тиіс
- Бала иегі омырауға тиюі керек, аузы кең ашық болуы, баланың астыңғы ернінің созылуы
- Баланың жоғарғы ернінде омырау ұшының үлкен бөлігі көрінуі керек, астыңғы ернінде емес
- Емуі жай, үзіліспен, баланың сүтті жұтуы естіледі.

Қосымша тамақ – бұл бала 6 айынан бастап бала тағамдық рационына енгізілетін, омыраумен емізумен қатар берілетін қосымша тағам.
Қосымша тамақ енгізу – бұл омырау жасындағы балаларға омыраумен емізумен бірге қосымша тағамдар мен сұйықтықтар беру.
Қосымша тамақ тағамдарын 6 айынан бастап енгізу керек.
Баланың өсіп, қозғалыс белсенділігі артуына байланысты оның барлық физиологиялық және тағамдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге омырау сүті жеткіліксіз болады. Темір, витамин А және басқа тағамдық заттар ана сүтіндегі көлемі бала 6 айынан бастап жеткіліксіз. Энергия, темір және басқа да алмастырылмайтын ана сүтінен ғана алынатын тағамдық заттар арасындағы компенсациялау үшін, өсіп келе жатқан ағзаның алиментарлы қажеттілігін өтеу үшін қосымша тағам енгізу керек. Қосымша тағам енгізу баланың нервті-бұлшық еттік координациясының дамуына қажет.
Уақыты және дұрыс таңдалып енгізілген қосымша тамақтандыру денсаулықты нығайтуға, тағамдық статусты жақсартуға және тез өсу сатысындағы баланың физикалық дамуына әсерін тигізеді және баланың дұрыс өсуі мен дамуы денсаулық сақтау жүйесімен бақылауда болуы керек. Талаптарға сәйкес емес тағамдық заттар бала организміне кері әсерін тигізелі.
Қосымша тамақ беру кезеңінде ана сүті негізгі тамақ болу керек.
Сиыр сүтін 9 айға дейін балаға беруге болмайды, алайда 6 айдан бастап аздаған мөлшерде қосымша тамақ жасауда қолдануға болады. 9-12 ай аралығында біртіндеп сиыр сүтін ішкізуге болады.
Энергетикалық тығыздығы аз қосымша тағам энергия қолдануын шектеу мүмкін, сондықтан орташа энергетикалық тығыздығы 4,2 кДж (1 ккал)/г кем болмау керек. Құрамында май аз сүт 2 жасқа дейін бермеген дұрыс. (өнеркәсіптік және жартылай өнеркәсіптік сүт).
Қосымша тамақ әр түрлі консистенциялы, дәмі, иісі және сыртқы түрі бойынша әр түрлі болуы керек.
Қосымша тағам беру кезінде тұздалған тағам бермеген дұрыс және тағам дайындау кезінде де тұз қоспаған дұрыс.
Қосымша тамақтандыру және омыраудан шығару.

  • Балалар әртүрлі, кейбір аналарда 6 айлық жасқа дейін сүт жетеді, ал басқаларда – 9 айға жетеді. Баланы шамамен 6 айынан бастап қосымша тамақтандыру керек.

  • Омырау сүті бірнеше ай бойы балаға негізгі тамақтану көзі болып келеді. Өмірінің екінші жылында омырау сүті балаға қажетті каллория мен тағамдық заттардың үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді.

  • 6 айда бала қосымша тамақтануға дайын екенін көрсетеді. Олар өздері отыра алады, көрген затқа ұмтылады және көрінген затты аузына салады. Егер анасы тамақ ішкенде баласын қолына алып отырса, бала жеп отырғанын алғысы келеді.

  • 6 айлық жасқа дейін балалар қатты тағамды аузынан шығарып тастайды. 6 айдан кейін оларға қатты ауызға алу жеңіл. Бұл жаста тістері шығады және балалар шайнай бастайды.

  • Ерте қосымша тамақтандыру диарея, омырау сүтінің азаюын, ерте жүктілікті туғызуы мүмкін. Өте кеш қосымша тамақтандыру бала организмнің жүдеуіне әкелуі мүмкін. Егер балаға 6 айлығында қосымша тамақ бермесе, оны кейін қатты тағамға үйрету қиын болады. 6 айлық кезінде олар көп нәрсені жеп көргісі келеді. Бірақ 9-10 айда олар тынымсыз болады және жаңа тағамды жегісі келмейді.

  • Қосымша тамақтандыруды ең алдымен сұйық тағамнан бастау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет