ЖҚА: Нв-110 г/л, эр.-4,1х10 , лейк.-5,0х10 /л; т/я-2 %; с/я-56%; лимф.-40%; м-2%; ЭТЖ-10мм/сағ. жеңіл дәр анемия. ЭКГ: стандартты тіркемелерде QRS комплексі төменгі вольтажды, синусты тахикардия 140 ретке дейін, альфа бұрышы 5 . Сол жақ жүрекше және сол жақ қарыншаның шектен тыс жүктелу белгілері І, ІІ, aVL, V V тіркемелерінде Т тісшесі теріс, RV Тіке қалыптағы кеуде қуысының рентгенографиясы: өкпе суреті күшейген. Кардиоторакальды индекс 60%.
ЭХОКГ: сол жақ қарынша және сол жақ жүрекшенің қуысы ұлғайған, айдау фракциясы 40% құрайды. Сол жақ жүрекше қарынша гипертрофиясы
Д/З: ревматикалық емес миокардит/ жедел ағымды, ауыр түрі/, сол жақ қарынша жетісп 2Б дәр, жеңіл дәр анемия.
Дәнекер тінінің диффузды аурулары
№18 ЕСЕП 13 жасар Науқас О. Қайталап кешенді ем алу үшін бөлімшеге қайталап түсті. Анамнезі: дерт 3 жаста басталған. Бала тұмаумен ауырғаннан кейін ақсай бастаған. Қарағанда тізе буынының зақымдалуына байланысты екені белгілі болған. Буыны шар тәрізді, ұстап қарағанда ыссы, қозғалысының шектелуі байқалған. Кейінірек патологиялық процесстің басқада буындарға таралғаны байқалды. Бала күнделікті қабынуға қарсы стероидты препараттар қабылдаған. Бұл дәрілерді ішкенде сауығу кезеңі 10-12 айға созылған. Бірақ дерт біртіндеп өрши берген. Өршу кезінде таңертенгілікте буындағы қозғалыстардың шектелуі байқалған.
Түскенде жағдайы ауыр. Саусақаралық, қолбасыбілезіктік, шынтақ буындарының ісінуі және пішінінің, оң жақ жамбас буынының қозғалғыштығының шектелуі анықталады. Өкпесінде сырыл жоқ. Жүрек шектері: оң жағы-төстің оң жақ қыры, жоғарғысы-ІІІ қабырға, сол жағы-орта бұғана сызығынан 1 см ішкерек. Жүрек тондары ырғақты, айқын, шу жоқ.
ЖҚА: Нв-110 г/л, эр.-4,2х10 , лейк.-15,0х10 /л; т/я-4 %; с/я-44%; э-2%, лимф.-47%; мон-3%; ЭТЖ-46мм/сағ. Нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. ЖЗА: меншікті салмағы-1014, белок-0,06%; лейк-2-3 к/а, эр-жоқ. Қалыпты БХА: жалпы белок-83 г/л; альбуминдері-48%; глобулин-α -10%; α -10%; β-5%; γ-26%; серомукоид-0,8 (қ.-0,2); АлТ-32 б/л; АсТ-25 б/л; мочевина-4,5 ммоль/л. Гиперпротеинемия, серамукоид жоғарлаған.