Объективті қарау: Жағдайы ауыр, бетінде, аяқтарында, айқын ісік бар, асцит. Терісі бозғылт, бала енжар, өзбетімен жүрмейді, тәбеті нашар. Өкпесінде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. ТЖ-30 рет минутына. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. ЖСЖ- 140 рет минутына. Іші аздап ұлғайған. Бауыр +2 см, талағы +1,0 см. Нәжісі көп, су тәріздес, көпіршікті, тәулігіне 6 ретке дейін болады.
Жалпы қан анализі: Нв-103 г/л, эр-3,5x10 /л, лейк-7,6x10 /л, т/я-2%, с/я-78%, э-2%, л-11%, м-7%, ЭТЖ-2мм/сағ. Темір жетісп анемия, лимфацитопения.
Жалпы зәр анализі: түсі – ашық сары, салыстырмалы тығыздығы- 1015, реакциясы- қышқыл, белок- жоқ, эпителиялар –бірең-сараң, л-1-3 к/а. Қалыпты.
Копрограмма: түсі- ашық сары, реакциясы- қышқыл, бұлшықет талшықтары- бірең-сараң, май қышқылдары- көп, крахмал- бірең-сараң. Стеатория.
Қанның биохимиялық анализдері: жалпы белок -36 г/л, альбуминдер -28%, глобулиндер: α -6,5%, α -35,5%, β -16%, γ -14%, калий- 3,2 ммоль/л, кальций ионизац.- 0,47 ммоль/л, холестерин- 2,6 ммоль/л, глюкоза- 3,6 ммоль/л, темір- 7,8 мкмоль/л. Гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гипоглобулинемия, гипокальцемия, гипокальемия, гипохолестеренемия.
Нәжісті көмірсуларға зерттеу: теріс.
Нәжісті сарысулық белоктарға зерттеу: +++.
ЭКГ: орташа синустық тахикардия, миокарда, гипокалиемия көріністерімен, айқын заталмасу бұзылыстар белгілері.
Фиброгастродуоденоскопия: асқазан мен 12- сақиналы ішек ішінде клегей, қыртыстары толық жазылады. “Тары” тәріздес түйіршектік анықталады. Ащы ішекте көп мөлшерде лай сұйықтық байқалады.
Ащы ішектің клегей қабатынан алынған биоптатты гистологиялық зерттеу: бүрлерінің ұзындығы әртүрлі, олардың көбінде лимфоангиоэктозия байқалады. Кілегейі өте ісінген, аздап лимфогистиоцитарлы инфильтрация анықталады.
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ-і: бауыр өспеген, контуры тегіс, паренхимасы- ұсақ түйіршікті, ұйқы безі ұлғаймаған, іш қуысында сұйықтық бар, ішек тұзақтары кеңейген, сұйықтық толған.
Достарыңызбен бөлісу: |