Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.
Мақсаты: Берілген сөздердің ережесі мен мысалын жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.
Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.
-Оң және теріс бұрыштар дегенді қалай түсінесіңдер?
-Бұрыштың радиандық және градустық өлшемдерінің арасында қандай байланыс бар?
-Толық бұрыш жалпы түрде қалай беріледі?
-Бір радиандық бұрыш деген не?
-Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
-Центрлік бұрыш деген не?
-Доға ұзындығы неге тең?
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
3 мин.
Ұйымдастыру:
-Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Топқа бөлу:
Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;
Ітоп:«Бұрыш»,
ІІ топ:«Радиан»,
ІІІтоп:«Градус»
Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.
Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Түрлі түсті қима қағаздар
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин. “Бір минут” әдісі
Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше: «Алдаркөсе, сені жұрт «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26-да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?
Жауабы: 4 жылдан кейін.
“Бір минут” әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсу.(Әр топтағы оқушылар тақырып бойынша кезегімен бір минут тоқтаусыз, қатесіз сөйлейді)