Практикалық жұмыс.
Оқушыларға дайын жазбаларды таратыңыз. Ал оқушылар стереометриялық үш өлшемді фигураларды құрастырады.
Бағалау: оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды, мұғалімнің кері байланысы.
Тапсырма. Дұрыс n-бұрышты призманың табан қабырғасы –а, ал биіктігі –h.
а) n=3; а =10 см; Sб.б. = 450 см2;
б) n=4; а = 1,2 дм; Sб.б. = 384 см2;
в) n=5; а = 0,4 м; Sб.б. = 200 дм2;
г) n=6; а = 20 см; Sб.б. = 72 дм2 .
|
. Қабырғалары 9см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса.
Шешуі:
Жауабы:8 см
№ 2. Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры табан қабырғасынан 4 есе артық, ал барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 36-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз.
Шешуі:
Жауабы:
Жеке жұмыс. Мақсаты: призманың толық бетінің ауданын табу формуласын қолдану дағдысын бағалау.
№ 1. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналі 10 см-ге тең және бүйір жағымен 30°-қа тең бұрыш жасайды. Призманың табан бетінің және толық бетінің ауданын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |