Пән: Алгебра Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



бет33/38
Дата22.12.2022
өлшемі4,07 Mb.
#163898
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
11сын геом 1 ток (2)
10-3 тжб
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Оқулықпен жұмыс.

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Сабақтың мақсатымен таныстырады және оқушылармен бірге бағалау критерийлерін тұжырымдайды.

Оқытуды қолдау мақсатында мұғалім қалыптастырушы бағалаудың «Температураны өлшеу» техникасын қолданады. Ол үшін оқушылардың жұмысы тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар тапсырманың мағынасын түсіну деңгейін көрсетеді. Қажет болған жағдайда қосымша негіздеме беріледі.


Бағалау. Бағалау дескрипторлар бойынша жүргізіледі. Мұғалімнің қалауы бойынша өзара бағалау немесе өзін-өзі бағалау жұмысын ұйымдастыруға болады.
Кері байланыс жүргізу.
Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  • Тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?

  • Қандай қиындық болды? Оны қалай жеңдіңіздер?

Осы жұмыс түрі пайдалы болды ма? Неліктен? Жауабыңызды негіздеңіз. .

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Түрлі түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы


  • Қиық пирамида ұғымы.

Пирамида табанына параллель жазықтық оны екі көпжаққа бөледі. Олардың бірі пирамида болады, ал екіншісі қиық пирамида деп аталады.

  • Анықтама.

Қиық пирамида дегеніміз ­– пирамиданың табаны мен оған параллель жазықтық қимасының арасында құрылған толық пирамиданың бөлігі.

  • Қиық пирамида элементтері:

  • A1A2A3A4A5 және B1B2B3B4B5 көпбұрыштары – қиық пирамиданың төменгі және жоғарғы табандары;

  • A1B1A2B2A3B3 – қиық пирамиданың бүйір қырлары;

  • A1B1B2A2A2B2B3A3 төртбұрыштары – қиық пирамиданың бүйір жақтары.

  • CH кесіндісі ­– жоғарғы табанының белгілі бір нүктесінен төменгі табанына түсірілген перпендикуляр, яғни қиық пирамиданың биіктігі.

  • Қиық пирамиданың қасиеттері.

  • Дұрыс қиық пирамида.

  • табандары дұрыс көпбұрыштар болады.

  • бүйір жақтары тең теңбүйірлі трапециялар болады.

  • осы трапециялардың биіктіктері апофемалар деп аталады.

  • дұрыс қиық пирамиданың бүйір қырлары тең және пирамиданың табанына тең бұрышпен көлбеу жасайды;

  • дұрыс қиық пирамиданың бүйір қырларындағы екіжақты бұрыштары тең.

Материалды бекіту үшін екі жаттығу орындалады. Бұл жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың назарын пирамиданы жазықтықта бейнелеуіне аудару керек. Алдағы уақытта тапсырмалардың бағалауы қалай болатындығын түсіну үшін екінші жаттығуды орындау барысында оқушылармен бірге бағалау дескрипторлары тұжырымдалады.

Білімді бекіту үшін келесі тапсырмаларды тақтада орындауға болады. Қабілетті оқушылар жеке жұмыс жасауына болады.
Тапсырмаларды орындау алдында бағалау критерийлерін еске салу.

1. Үшбұрышты қиық пирамиданың төменгі табанының қабырғалары – 26 м, 30 м, 32 м, ал жоғарғы табанының периметрі – 44 м. Жоғарғы табанының қабырғаларын табыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет