Компонент аты. Бағдарламада компонент пен оның қасиеттеріне қатынау үшін қолданылады
Caption
Жалаушаның оң жағында орналасқан мәтін
Checked
Күй, жалаушаның сыртқы түрі:Егер жалауша орнатылса (шаршының ішінде "галочка"), онда Checked = True;
Егер жалауша алып тасталса (шаршының ішінде "галочка" болмайды), онда Checked = False
State
Жалауша күйі. Checked қасиетіне қарағанда, орнатылған, алып тасталған және өткінші күйлерді айыруға мүмкіндік береді. Жалаушаның күйін мына тұрақтылардың біреуі анықтайды:cbChecked (орнатылған); cbGrayed (сұр, анықталмаған күй); cbUnChecked (алып тасталған)
AllowGrayed
Жалаушаның өткінші күйде болуы мүмкін бе екендігін анықтайтын қасиет:
Егер AllowGrayed = False болса, онда жалауша тек орнатылған әлде алып тасталған бола алады;
Егер AllowGrayed = True болса, онда жалауша өткінші күйде бола алады
Left
Жалаушаның сол жақ шекарасынан пішімнің сол жақ шекарасына дейінгі аралық
Ата-аналық пішім қаріпінің қасиеттерін мұраға алу белгісі
Checked жалаушының күйін анықтауға болады. Үнсіз жағдайда ол False мәнін қабылдайды, жалауша алынып тасталған. Тышқанды шерту арқылы жалаушаның күйін ауыстыруға болады. Егер жлауша алынып тасталған болса (қосылмаған), онда шерткеннен кейін ол орнатылады (қосылған), және керісінше. Содан кейін Checked мәні өзгертіледі.
Жалаушаны өзгертуге болмайтындай қалдыру үшін Enabled мәнін False қылдырып орнату керек(қорғаныс қою).
Қорғанысқа қойғаннан кейін оның мәні қорғанысқа дейінгі күйін сақтайды, яғни осы жалауша орнатылған немесе алып тасталған күйде болуы мүмкін. Орнатылған немесе алып тасталған екі күйден басқа, жалауша үшінші күйдеде болуы мүмкін жалаушаның күйін өзгертуге болмайды. Бұл күйдің болуы немесе болмауы Boolean типті AllowGrayed қасиеті басқарады. Егер оның мәні True болса, онда тышқанның батырмасын шерткен кезде жалаушаның үш күйдің арасындағы циклдық ауысу өтеді: орнатылған, алынып тасталған және өзгертуге болмайтын. Өзгертуге болмайтын жағдайда жалаушаның түсі сұр болады, ал тік бұрышта қанат белгісі болады.