Биология мен химия пәнаралық байланыста экологиялық білім және сабақ үстінде әр тақырыпты өткенде жан-жақты байланыстыра отырып білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет.