Масштабы бойынша жобалар ұсақ, орташа, ірі және аса ірі жобалар, ал күрделілік дәрежесі бойынша - қарапайым, күрделі және аса күрделі болып бөлінеді.
Масштабы бойынша жобалар ұсақ, орташа, ірі және аса ірі жобалар, ал күрделілік дәрежесі бойынша - қарапайым, күрделі және аса күрделі болып бөлінеді.
Жүзеге асыру кезеңінің ұзақтылыгыбойынша жобалар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады.
Бизнес саласында жүзеге асырылатын жобалар (бизнес-жобалар) қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес болу керек, оған сәйкес кез-келген кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі операциялық, инвестициялық және қаржылық бағыттар бойынша жүргізілуі қажет.
Бұл позициядан операциялық және инвестициялық жобаларды айыру, ал соңынан инновациялық және венчурлықты айыру қажет.
Жобаларды осылайша топтаудың артықшылығы – бизнестің қаржылық нәтижелеріндегі әрбір жобаның үлесін анықтау мүмкіндігі. Ал бұл бизнес - жобаларды басқарудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.