Пән: Қаржылық талдау және жобаларды бағалау (2-бөлім)
9-дәріс. Жоба түсінігі, мәні, жіктелімі мен өмірлік циклі
Оқытушы: Асс. Проф. Сакибаева К.С.
Дәріс жоспары
1. Жоба. Жобаларды басқару.
2. Жобаның өмірлік циклы
3. ЖБ даму тарихы
4. Жобалық менеджменттің халықаралық институты
Жоба түсінігі
Жоба - ерекше өнімді, қызмет және нәтижені құруға арналған уақытша өндіріс. (PMBОK)
Жоба – бұл анықталған мақсаты бар, қол жеткізетін нәтижеге уақыттық, бағалық және сапалық талаптардан тұратын жеке өндіріс. (Ұлыбританияның жобалық менеджерлер ассоциациясы)
Жоба – құрылатын жобаға сәйкес оның ұйымдастырылуына бағынышты мақсаттың берілуі, уақыттық, қаржылық, адами және басқа шектеулер жиынтықтарындағы қайталанбас шарттарымен сипатталатын өндіріс. (DIN, Германия)
Жоба - белгілі уақыт ішінде және берілген бюджет көлемінде қойылған мақсатқа жетуге арналған нақты анықталған мақсаты бар өзара байланысқан іс-шаралар кешені.
(Халықаралық банк, оперативті нұсқаулар)
Жобаның негізгі белгілері
«Жоба» түсінігі ортақ белгілер қатарымен сипатталатын жұмыстардың әртүрлі типтерін біріктіреді.
Жобаның негізгі белгілері:
Жобаның уақыттық шектеуі.
Жобаның бюджеттік шектеулері.
Қажетті ресурстарға шектеулері.
Қайталанбастық және жаңалық белгісі.
Кешендік белгісі.
Сонымен, жоба -
нақты мақсатқа жетуге бағытталған;
нақты дәрежеде қайталанбас және дара;
құрамына өзарабайланысқан амалдарды координалды орындау кіретін;
нақты басталуы мен аяқталуы бар, уақыт ұзақтығында шектеулері бар іс шаралар тобы.
Заманауи түсінікте жоба – бұл қоршаған ортаны өзгертетін шара: тұрғын үй немесе өндірістік нысынаның құрылысын жүргізу, ғылыми-іздену жұмыстарының бағдарламасы, өндірістің реконструкциясы, жаңа ұйымды құру, жаңа техника мен технологияны құру, корабльді құрастыру, фильмді түсіру, өңірді дамыту және т.б..
Заманауи түсінікте жоба – бұл қоршаған ортаны өзгертетін шара: тұрғын үй немесе өндірістік нысынаның құрылысын жүргізу, ғылыми-іздену жұмыстарының бағдарламасы, өндірістің реконструкциясы, жаңа ұйымды құру, жаңа техника мен технологияны құру, корабльді құрастыру, фильмді түсіру, өңірді дамыту және т.б..
Жобаларды жүзеге асыру кейбір ұйымдардың негізгі кәсібі болып табылады. Мысалы, құрылыс индустриясы, бағдарламалық қамтуларды құру және т.б.
Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.