Жалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер - Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер - Дәркембай мен Базаралының әлеуметтік ортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.
«Абай жолындағы» әйелдер бейнесі
Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе... Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы - бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады.
1.Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету және көркем шығармалардан алған қанатты сөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
1. «Абай жолы» роман-эпопеясына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді
2.Көркем шығармадағы Абай бейнесін даралап көрсетеді.
3. «Абай жолы» арқылы ақындар бейнесін жинақтап көрсетеді.
4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.
5. Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды.
6. Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады.
2. Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтармен салыстыру жұмыстарын жүргізу.
1. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды.
2. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды, картотека жасайды.
3. Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.
4. Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды
3.Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын жазу.
1. Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
2. Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады, бағалайды
3. Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
4. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады