Пән атауы Қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт)


ҮІІ Бөлім. Ғасырлық туынды



бет9/14
Дата06.06.2023
өлшемі64,6 Kb.
#178335
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЖОБ әдебиет 2022

ҮІІ Бөлім.
Ғасырлық туынды

Тақырып 19. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том

«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты.

Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. 1-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт. «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда»  бөлімдері бір-біріне жалғасып, бір саты өтсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. ІІ кітапта «Жайлауда», «Еңісте», «Асуда», «Биікте» бөлімдері, бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы.


Тақырып 20. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 3, 4-том
«Абай жолы» роман-эпопеясы Абайды адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен суреттеген.

Құнанбай бейнесі


Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласында сөзге шебер, мықты басшы, көреген аға сұлтан. Құнанбай образын мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары...) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Құнанбай - азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы.

Абай бейнесі


Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Абай іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет