Тақырып 12. «Бесеудің хаты» драмасы. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған - ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастан кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат
И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған? Шығарманың композициялық құрылысы: елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі, Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы, хаттың жолда ұсталуы, Голощекиннің Сталин алдындағы есебі, коллективизацияны тездетуді тапсыруы, хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға, бюроға шақырылуы, бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі.
Тақырып 13. Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы. «Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз.
1.Әдеби шығарманың тұжырымдамасымен жұмыс жүргізу, көркем шығармадағы образ жүйесіне талдау жасау, шығарма үзінділерін саралау, тұжырымдау.
1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді.
2. Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыратады.
3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды.
4. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы, Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасының мазмұнымен құрылысымен танысады.
5. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.
2. Көркем шығармадағы автор бейнесіне талдау жасау, көркем шығарманың тілдік ерекшелігі бойынша шығармашылық жұмыс орындау.
1.Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды.
2. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды
3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды.
4. Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.
5. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының жанрлық ерекшеліктерімен жұмыстар жүргізеді.
3.Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, заманауилығы мен жаңашылдығын әдеби сын жаза отырып бағалау.
1.Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді
2. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады
3. Ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады, бағалайды.