01
Толық калька – кальканың шет тілі сөзінің
мағынасы мен мазмұнын ашуға оның (терминнің)
барлық компоненттері қатысатын түрі.
- Мысалы: ғалам – галактика, қанығу –
насыщение, меншікті жылу – узуальная теплота,
сақталу заңы – закон сохранение [3, 209].
Жартылай калька – терминнің мағынасын
ашуға сыңарларының бір бөлігі (немесе біреуі ғана)
сыңарларының
қатысып,
терминнің
қалған
дыбысталуына
ғана ықпал етіп,
дербес мағынасы
болмайтын түрі.
- Мысалы: атмосфера қабаты, атомдық
қалдық, Бойль нүктесі, газ ағыны,
0022 газдық қоспа [3, 210].
03
Жалған калька – шет тілдері
сөздерінің семантика-
морфологиялық құрылысын дұрыс
түсінбеуден туындайтын, қате
жасалған калькалар [3, 210].
Калька құрылымы мен мазмұнының қабылдаушы тілде игерілуіне, қабылдануына
қарай сөзжасамдық калька, семантикалық калька, фразеологиялық калька,
синтаксистік калька деп жіктеледі.
Семантикалық калька – шет тілі сөзінің ауыспалы мағынасын алу.
Сөзжасамдық калька – шет тілі
сөзін әр морфемасы бойынша
дәл аудару.
Фразеологиялық калька – фразеологизмді сөзбе-сөз аудару.
Сондай-ақ кальканың сөз
тіркесі түріндегі, сөйлем
түріндегі синтаксистік калька
деген түрі бар [3, 205].
Семантикалық калька Мысал: қарау (мәселені) – рассмотреть (вопрос); іс (әкімшілік, сот жүйесінде) –
дело (админ и судебное).
Сөзжасамдық калька
Мысал: өндіріс – производство; жазушы – писатель; бесжылдық – пятилетка; еңбеккүн – трудодень.
Фразеологиялық калька Мысал: Қызыл алаң – Красная площадь; Қызыл ту – красное знамя; шара қолдану – принять меры; балықшы балықшыны алыстан көреді – рыбак рыбака видит издалека.
Достарыңызбен бөлісу: |