Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі. Лектор



бет9/13
Дата26.04.2020
өлшемі33,76 Kb.
#64812
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
іш сүзегі, А,В парасүзегі.Дизентерия.Сальмонеллез

Диагностикасы: 1) клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер

2) лабораторлық диагностикасы

1)Қазіргі дизентерияның симптоматикасының әр түрлілігіне байланысты ауруларды кешенді түрде тексереді. Аурудың колиттік түрінде негізгі симптомдарға сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі, жиі іш өту, шырышпен қан аралас аз мөлшерлі нәжістің пайда болуы, дене қызуының 38-390С көтерілуі, тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішектің анықталуы жатады.

Салыстырмалы диагностиканы өткізу қажет: салмонеллезбен, тағамдық токсикоинфекциялармен, тырысқақпен, амебиазбен, балантидиазбен, лямблиозбен, жедел хирургиялық аурулармен және гинекологиялық патологиясымен.

Асқынулары.Дизентерия кезінде аса қауіпті асқынулар болады: ішектен қан кету, ішектің инвагинациясы, перитонит, ИТШ, гиповолемиялық шок және аралас шок (сирек кездеседі).

Емдеуі. Индивидуальды, кешенді, патогенетикалық болу керек. Ауруханаға жатқызу клинко-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілу керек. Ең алдымен орташа аурулықтағы және ауыр түрлі дизентериямен ауырған науқастарды, қосымша ауыр аурулары бар науқастарды, балаларды, егде адамдарды, жоғары эпидемиологиялық қауіпі бар адамдарды (тағам өндірістігінде істеітін адамдар, т.б.) ауруханаға жатқызады. Дизентериямен ауыратын науқастарды үйде емдеуге болады, ошақты бақылау учаскелі дәрігерге тапсырылады, ол инфекционистің консультациясы арқылы емдік және профилактикалық шараларды іске асырады.

Дизентерияның емдеу жоспары:

1) Асқазанды жуу

2) Тазарту клизмасы

3) №4 диета

4) Этиотропты терапия

5) Патогенетикалық терапия

- организмнің сусыздану жағдайында -регидратация (ауыз арқылы немесе парентералды)

- антигистаминді препараттар

- спазмолитиктер

- ферменттік препараттар

- ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру

6) жергілікті ем: емдік клизмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет