Пән атауы: Инклюзивті білім беру Әзірлеген: дко-21 тобының студенті Қарауыл Арайлым Қанатқызы



Дата19.03.2022
өлшемі15,44 Kb.
#136049
Байланысты:
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (соматикалық әлсізденген) балалар 22.02.2022


Пән атауы: Инклюзивті білім беру
Әзірлеген: ДКО-21 тобының студенті Қарауыл Арайлым Қанатқызы
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (соматикалық әлсізденген) балалар.
Педагогикада бұл категориядағы балаларды дәстүрлі түрде бірқатар терминдерменмен атайды: «соматикалық әлсіз балалар», «денсаулығы әлсіз балалар», «жиі ауыратын балалар» және т.б. детек, бұл терминдердің беретін ортақ ұғымы денсаулығына байланысты «қауіп немесе тәуекел тобына жататын балалар». Соматикалық әлсізденген балалардың денсаулық күйлерін өзгертуде негізгі рольге ие болатын 3 түрлі фактор бар: популяция генотипі, өмір сүру салты, қоршаған орта жағдайы. Денсаулығы әлсіз балалардың танымдық және эмоционалдық үдеріс ерекшеліктері олардың оқу әрекетіне теріс ықпал жасайды және оқу барысында қиындықтар туғызады. Осыған байланысты, оларға ерекше білім беру мен тірбиелеу жағдайларын жасау қажеттіліктері пайда болады.Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет