Пән атауы Өндірістік оқыту әдістемесі



бет14/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#77410
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Тәрбие сағатының түрі: Сұрақ және ойын кеші
Көрнекілігі: Цитаталар, плакаттар, ұлттық киім үлгілері, жиһаз үлгілері.


Өткізу жоспары


1.Кіріспе. Сәлеметсіздерме, студенттер (оқушылар) Сынып сағатына келмегендердің тізімін беріңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Еңбекке баулу жолдары».
Мақсаты: Студенттердің (оқушылардың) Еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру, еңбекті сүюге баулу, ұлттық тұрғыда тәрбиелеудің негізімен таныстыру. Кешімізге белсене қатысуларыңызды сұраймыз.
2.Негізгі бөлім. Қысқаша тақырыпты ашып, әңгімелеп, студенттерді (оқушыларды) студенттерді әңгімеге тартып, олардың ой-пікірін ортаға салуына ықпал етеміз.
3.Қорытынды. Тәрбие сағатын қорытындылау барысында, белсене қатысқан студенттерді (оқушыларды) атап, жеке-жеке баға береміз.


Өткізу жоспары
Көшпелі елдің өмір сүруінің негізгі арқауы болған мал- мінсе көлік, шөлдесе- сусын, кисе- киім, ашықса тамақ болғандықтан, қазақ баласын қаршадайынан еңбектің осы түріне қатыстыруды мақсат тұтқан. Оның еті мен сүтін, қымыран- қымызын, құрт-ірімшігін, қылы мен жүнін, терісі мен мүйізін бәрін кәдесіне жаратқан. Қазіргі нарық экономикасына өту де осы жайттің маңызы арта түсетіні де түсінікті. Олай болса, әрбір ауыл мен қала баласы бәрінен бұрын ата – бабаларының малды қастерлеп, қадір тұтатынын еш уақытта есінен шығармауы тиіс. Халқымыз жер киесін-Қызыр ата, қой атасын- Шопан ата, ешкі атасын-Шек-Шек ата, түйе атасын –Ойсыл қара, деп тегін атамаған. Мәселен, төл тілімізде төрт түліктің жайылымы туралы (қой өрісі, қозы өрісі, көктөбе т.б.), жаулауы (ханжайлау, ойжайлау, төрт жайлау т.б.) жайлы сөз тіркестері есепсіз.
Қазақ халқы тек малмен ғана емес, шаруашылықтың басқа түрлерімен де, (егін салу, аң аулау, бау-бақша т.б.) айналысқан.
Мәселен, Егіне ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет, Нан құраннан да қасиетті, Алтын күміс тас екен, арпа бидай ас екен деген мақал–мәтелдер біздің осы пікірімізге жақсы дәлел. Көктемнің әр күні- қыстың бір айына азық деп, ол егін салудың оны орып жинаудың өзө мезгілі болатынын қатаң ескерткен.
Халқымыз сәулет өнеріне де ертеден машықтанған. Бұл қазақ жерінде ерте кезде салынған (Отырар, Сайрам, Сауран, Созақ, Яссы, Сығанақ, Исфиджаб т.б.) секілді қалалар мен тарихи ескерткіштер куә. Сәулет өнерінің керемет үлгілерін жұртымыз ертегілер мен аңыз- әңгімелерде, батырлар жырларында тек тамсана сөз етпей, өз ұрпағына өнердің осы саласына байланысты білім жүйелері мен дағдыларды сіңіре білген.
Киіз үй қазақтың сәулет өнерінің тамаша көрінісі. Осындай үйдің жобасы, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты дейтін көптеген түрлері бар. Оның жабдықтарын (кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жайық, үзік, уық бау, кереге бау, басқұр, ортаңқұр, есік, ергенек т.б.) Жасау үшін қыруар еңбек, асқан икемділік қажет.
Осы айтылған орай үлекенді сыйлау, астың дәмдісін алдымен соларға ұсыну ізгілік көрінісі. Осындайда отбасындағы үлкендердің еңбек туралы мақал- мәтелдер айтып, игілікті іске жол көрсетіп отыруының өзі бір ғанибет.
Қыз баланың үй ішінде еңбегі де ұшан-теңіз, әсіресе оған үй-ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, үйді жихаздарымен безендіре білуде ұлттық өлшемдер бар. Қыз баланың жеңгесі мен шешесі, тәтілері т.б. жақын адам кесте тігу, ою өрнектеу, киім тігіп, оны піше білу, кілем тоқи білу сияқты кәсіптік іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар Берген.
Ер балаларды еңбекке тәрбиелеу -көбінде оларлдың малшы, егінші, сәулетші, зергер болуымен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігінен туындаған.
Қазіргі кезде отбасындағы ееңбек тәрбиесін жандандыра түсу үшін аңыз әңгімелерді (Аяз би), ертегілерді (Ер-төстік, Алпамыс), мақал-мәтелдерді («Еңбек- бәрін жеңбек), айтылған ақыл-кеңестерді үнемі еске алып огтыруымыз қажет. Халықтың тәлім-тәрбиесінің осы саласын отбасында үнемі тиімді пайдаланып, ізденуінде, алдымен ата-ананың осы жердегі үлгі-өнегесі мен жауапкершілігі аса маңызды. Қорыта келгенде баланың еңбекті сүюі, тәрбиелі болуы ең бірінші жанұядан басталады десек қателеспейміз. Бұл жерде ата-ананың алар орны ерекше.

Каталог: public -> files
files -> Поурочное планирование по программе А. В. Перышкина и Е. М. Гутник «Физика 7 9»
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет