Тақырып 5. ЖАЛПЫТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. МАШИНАТАНУ КУРСЫ.
Тапсырма 1:
Машинатану курсының мақсат, міндеттері және мазмұны. Курстың негізгі тараулары және олардың сипаты.
Машинатану курсының әдістері, сабақты формалары
Курс бойынша дидактикалық материалдар
Әдістемелік нұсқаулар:
Төмендегі үлгіге сәйкес карталарды әзірлеңіз
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ-НҰСҚАУ КАРТАСЫ
Тапсырма:Қосқыш двигательдерде кездесетін ақауларды анықтау және оларды реттеу.
Тапсырма мақсаты: Оқушылардың машиналарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі теориялық білімдерін одан әрі жетілдіру. Трактордың қосқыш двигательдерінде кездесетін ақауларды анықтай білуді және оларды түзетуді, реттеуді, жою тәсілдерін үйрету.
Рет саны
|
Негізгі ақаулар
|
Олардың болу себептері
|
Ақауды реттеу және жою тәсілдері
|
1
|
Двигатель іске қосылмайды немесе қосылады да, тез сөніп қалады.
|
Отын багының шүмегі жабық тұр. Отын багына су жиналып, қатып қалған. Отында май өте көп.
Отын өткізгіште және тұндырғыш сүзгіш торы мен карбюратордың штуцері ластанған. Жұмыс қоспасында отын аз (карбюраторда тырсыл бар) двигатель цилиндрімен карбюратордың қосылған жері тығыз емес, ауа өтеді. Өткізгіште ұшқын жоқ
Магнето беретін ұшқын пайда болуында үзіліс бар.
|
Отын багына бензин мен мотор майының қосындысын (15:1) құяды. Шүмекті ашады. Ыссы сумен бакты қыздырып, оны судан төгеді. Отынды төгіп, оған қалыпты мөлшерде мотор майы қосылған отын құяды. Май өткізгіштерді тазартады және сүзгіш торды жуады.
Қосылған жерін тартады, егер қажет болса, аралық төсемді ауыстырады.
Қақпақ тесігін тазартады.
|
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ-НҰСҚАУ КАРТАСЫ
Тапсырма:Негізгі двигательдерде кездесетін ақауларды анықтау және оларды реттеу.
Тапсырма мақсаты: Оқушылардың машиналарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі теориялық білімдерін одан әрі жетілдіру. Трактордың негізгі двигательдерінде кездесетін ақауларды анықтай білуді және оларды түзетуді, реттеуді, жою тәсілдерін үйрету.
Рет саны
|
Негізгі ақаулар
|
Олардың болу себептері
|
Ақауларды реттеу және жою тәсілдері
|
1
2.
|
Двигатель от алмайды
Двигатель толық қуатына жетпейді немесе үзіліспен жұмыс істейді.
|
Декомпрессор қосылмаған.
Қоректену жүйесінде отын жоқ.
Отын сүзгіш немесе өткізгіштері ластанған.
Қоректену жүйесіне ауа енеді.
Двигатель толық қызбаған.
|
Декомпрессорды қосады (жұмыс қалпына көшіреді).
Бактағы отынды тексереді.
Өткізгіштерді тазартады, ірі және жіңішке тазартқыш сүзгіш элементтерін ауыстырады.
Вентильді ашады, қолмен тербеп ауаны кетіреді.
Цилиндр сорған ауаны қыздыру үшін электрофакелді қыздырғышты қосады.
Суық күндері двигательді қолда бар қыздырғыш құралдың көмегімен қыздырады.
|
Әдебиеттер:
Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері (станокты кескіндеме техникасы және технологиясы) : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-272 бет.-5 экз
Жұмабекова Ф. Н. Әдістемелік басқару : 0107000 - Технология : оқу құралы / Ф. Н. Жұмабекова, Н. М. Нұрғазиева. - Астана : Фолиант, 2015. - 168 бет.-6 экз
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі : оқулық.- Алматы : Радиал, 2016.-240 бет.-12 экз
Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-152 бет.-5 экз
Достарыңызбен бөлісу: |