Пән атауы: Психология Күні


Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің өзіндік ерекшеліктері қандай?



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі50,2 Kb.
#94394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ппп

2.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің өзіндік ерекшеліктері қандай?
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria – тәжірибе).
1. Бақылау– заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
Бақылаушының бастапқы ұстанымы нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен көреді, басымен түсіндіреді: Зерттеу барысында бақу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
- тікелей бақылау, зерттеуші- мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады. Мұғалімнің рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауы толықтырады және зерттеушімен бірге, оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер ар?ылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады;
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық сипаты мен өлшемінің тәртібі бақылаудың негізін құрайды. Өлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет